Тарихпен бірге жасасқан...

Аймақтар
01.09.2026, 09:15
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Шетпелік Байпақовтар әулеті – Маңғыстау теміржолының тарихымен бірге аты аталатын өңірдегі алғашқы теміржолшылар әулеті. Алпыс жылдан астам уақыт өтсе де ұрпақтары әлі күнге ата дәстүрін жалғап келе жатқан әулеттің екі азаматына Шетпенің жаңа вокзалында арнайы тақта орнатылды.

Ескерткіш белгі Шетпе теміржолының алғашқы іргетасын қаласқан Жаңай Байпақов пен оның інісі Азанқұл Байпақовтың құрметіне қойылды. Мемориалдық тақтаның ашылу салтанатына жергілікті теміржолшылар, ағайынды Байпақовтардың көзін көрген ардагерлер қатысты.  

1917-1983 жылдар өмір сүрген Жаңай Байпақов түбекке теміржол тартыла бастағанда Түркіменстан теміржолында еңбек етіп жүрген жерінен артынып-тартынып кіндік қаны тамған тарихи отанына оралады. Бауырлары, отбасымен бірге келген ол жаңадан ашылған Шетпе станциясының бастығы болып тағайындалады. Ал 1925 жылы туып, 2004 жылы дүниеден өткен бауыры Азанқұл Байпақов болса Шетпенің тұңғыш станция кезекшісі болып қызметін бастайды. Екеуі де зейнетке шыққанша ақ-адал еңбек етіп қана қоймай, бүкіл бала-шағасын тәрбиелеп, түбек теміржолының жұмысына қосады.  

– Бұған дейін ауылымызда әкемнің інісі, Құрметті теміржолшы, ҰОС және еңбек ардагері Азанқұл ағамның атында көше болды. Ал КСРО Құрметті теміржолшысы, тыл және еңбек ардагері әкеміздің де атына көше беру туралы сөз болғанмен, аяқсыз қалып келді. Бүгін міне, бұл кісілердің есімі жазылған ескерткіш тақта вокзалға ілініп жатыр. Шетпе станциясы ашылғанда бірі алғашқы басшысы, екіншісі тұңғыш станция кезекшісі болған бұл кісілердің қай жағынан да еңбегі орасан. Бала кезімізден сол кісілердің тәрбиесімен өсіп, біз де теміржолшы болдық, Құрметті теміржолшы атандық, қазір бейнеттің зейнетін көріп жүрміз. Осы екі ағайындыдан тоғыз бала тарады. Соның көбі теміржолшы болды. Отбасымыздан бас-аяғы он бес шақты теміржолшы шықты. Бүгінгі көрсетіліп жатқан құрметке біз ұрпағы дән ризамыз және олардың атына кір келтірмеу – бізге парыз, – деп сөз сөйледі шетпелік ардагер Ази Жаңайұлы Байпақов.  

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл