Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді

Аймақтар
04.09.2026, 09:01
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Биылғы сегіз ай ішінде Маңғыстау жол дистанциясының аумағында алты рет пойызға мал басылу дерегі орын алды. Малдың кімге тиесілі екені анықталып, үш адам жауапкершілікке тартылды.

Өңірде соңғы кездері бағусыз жайылған ірі қара малдың теміржол бойына шығып кетіп, пойыз қозғалысына қауіп төндіру фактілері жиілеп кеткені дабыл қақтырып отыр. Маңғыстау жол дистанциясының жетекші жол инженері Ержан Артықбаевтың айтуынша, сөз болып отырған уақыт ішінде машинистер 96 рет шұғыл тежеу берген.  

– Тиісті ережелерді ескермеген мал иелеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 30-тарауы «Теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қағидаларды бұзу» туралы 559-бабына сәйкес айыппұл салынады. Малдың пойыз астына түсуі екі жаққа да қып-қызыл шығын. Қожайыны асырап отырған ақ-адал малынан бір айрылып, заңдық жауапкершілігін тағы арқалайды. Ал теміржолға қауіп-қатері мен материалдық шығыны тағы бар. Мәселен биылғы мал басу дерегінде бір рет тепловозға зақым келді. Түйе, жылқы немесе қара мал да осал жануар емес. Пойызға соғылу кезінде тепловоз алдындағы қаңылтыр бөлшегі майысады немесе сынады. Сондықтан тұрғындар төрт түлікті бақташыға бақтырса, темір жолдан әрлі-берлі малын айдап өткенде ереже сақтауды естен шығармауын сұраймыз, – дейді Ержан Артықбаев.  

Маңғыстау дистанциясының мамандары ай сайын телімдерді аралап, малды ауылдарды жағалап, тұрғындарға профилактикалық жұмыстар жүргізуден кенде емес.  

Сонымен қатар осы жылы 22 шақырымда жаңадан малға қоршау салу жоспарлаған. Қазір аталған орындарда құрылыстық шпалдармен қоршау орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Енді тікенек сымдар келсе, жұмыс суық түспей бітеді дейді мамандар.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды