Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды

Аймақтар
11.09.2026, 09:10
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау аймақтық теміржолшы ардагерлер кеңесі өлке теміржолына еңбегі сіңген кешегі аға буынның есімін ұлықтап, ұрпақ жадында қалдыруды бүгінгі ұрпақтың алдындағы парыз санайды. Жуырда Жаңаөзен вокзалында үш теміржолшы ардагерге арналған бұрыш ашылды.

Вокзал ғимаратынан орын бөлінген үш ардагердің бірі Байбол Орақов – 1900-1987 жылдары өмір сүрген, тек Маңғыстаудың ғана мақтанышы емес, бүкіл КСРО шеңберінде қолтаңбасы қалған «Құрметті теміржолшы» атанған тұлға. ҰОС жылдары броньмен қалып, Түркіменстан теміржолында еңбек еткен. 1944 жылы «Құрметті теміржолшы» белгісі мен «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен мараппаттаған. 1955 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен соғыс және одан кейінгі жылдардағы жанқияр еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту» орденін алған. Сол жылы өзінің туып өскен түбегіне оралып, балаларын тарихи Отанымен қауыштырған.  

Екінші ардагер – 1944 жылы Түркіменстанда туып, 1995 жылы дүниеден өткен Балтабай Нахов. Ол 1968 жылы Жаңаөзеннің Теңге ауылына қоныс аударып, теміржолда жол монтері болып жұмысқа кіріседі. Көп уақыт өтпей бригадир, сосын жол шебері болып ұзақ жыл адал еңбек етеді. 1993 жылы «Құрметті теміржолшы» төсбелгісіне ие болады.  

Үшінші ардагер Жұма Сүйіндіков – 1930 жылы туған, бар балалық шағын сұм соғыс ұрлаған ұрпақтың өкілі. Бұғанасы қатпай жатып 11-12 жасында еңбекке араласып, 15-16 жасында тепловоз машинисінің көмекшісі курсын бітіріп, теміржолда жұмыс істей бастаған. 1966 жылы Маңғыстауға көшіп келіп, түбек теміржолының алғашқы кірпіштерін қаласқан. Содан 1996 жылға дейін тапжылмай еңбек етіп, бірнеше буын тәрбиелеп өсіріп, барша маңғыстаулық машинистердің ұстазына айналған жан бүгінде көзі тірі, 96 жаста.  

– Міне, түбек теміржолының мақтанышы болған осынау ардагерлеріміздің өнегелі өмір жолын болашақ ұрпақ біліп өссін деген ниетпен осы белгілерді орнатып отырмыз. Бұл кісілердің бәрі – кезінде көршілес Түркіменстан теміржолында еңбек жолын бастап, түбекке теміржол тартылған алпысыншы жылдардың ортасында елге оралып, қалған өмірлерін отандық теміржолдың дамуына сарп еткен тұлғалар, – дейді Маңғыстау аймақтық теміржолшы ардагерлер кеңесінің төрағасы Үсен Имашев.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті