Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»

Аймақтар
26.09.2026, 09:25
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Теміржол саласындағы қауіпсіз әрі тұрақты қозғалысты қамтамасыз етуде Қалпына келтіру пойызының атқаратын қызметі ерекше. Осындай жауапты міндетті абыроймен атқарып келе жатқан Маңғыстау қалпына келтіру пойызы өткен жылдың қорытындысы бойынша үздік атанды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ деңгейінде «Үздік қалпына келтіру пойызы» атанып, ауыспалы туға ие болған ұжымның басшысы Ербол Мүсірханов осы марапаттың нәтижесінде ұжым мүшелерінің жалақысына ай сайын қосымша бес пайыздық сыйақы қосылатыны жұмысшы-қызметкерлердің қуанышын еселеп отырғанын жеткізді.  

– Қалпына келтіру пойызының (ҚКП) міндеті – теміржол желісінде орын алған апаттық және төтенше жағдайлардың салдарын жедел жою, теміржол мен жылжымалы құрамның қалыпты жұмысын қалпына келтіру. Мұндай жұмыстар жоғары кәсіби шеберлікті, жауапкершілікті және кез келген жағдайда ұйымшылдықпен әрекет етуді талап етеді. Ел аузында «теміржолдың жедел жәрдемі» деп тегін аталмаса керек. Біздің №12 ҚКП-ның әрбір қызметкері өз міндетін жақсы біледі. Апат болған жағдайда уақыт жоғалтпай оқиға орнына жетіп, қажетті техниканы, құрал-жабдықтармен теміржол қозғалысын мүмкіндігінше қысқа мерзімде қалпына келтіруге тырысамыз. Ал бұл үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Әрине қауіпсіздік талаптарын орындау күнделікті жұмысымыздың ажырамас бөлігі, – дейді үздік мекеме басшысы Ербол Мүсірханов.  

Айтуынша, жұмыстары белгілі бір деңгейде тәуекелмен байланысты болғандықтан еңбек қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді. Еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау, жұмысшылардың кәсіби біліктілігін арттыруға баса назар аударылады. Арнайы оқу-жаттығулар, техникалық сабақтар, нұсқамалар және тәжірибелік жұмыстар тұрақты түрде кестеге сай ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстардың нәтижесі төтенше жағдай кезінде әрбір қызметкердің өз міндетін нақты әрі сауатты орындауынан көрінетінін айтқан мекеме басшысы жақында Құрық порты станциясында болған төтенше жағдайды жою барысында жұмыстары тағы бір рет сыналғанын айтады.  

– Темір жолға төнген қауіпті жойып, жол қозғалысын мүмкіндігінше қысқа мерзімде қалпына келтіру жауапкершілікті талап ететін жұмыс болғандықтан жұмысшылардың кез келген ситуацияға дайындығы мен дұрыс әрекет ете білуі маңызды. Біздің ұжым жылдар бойына жинақталған тәжірибесі, бірін-бірі сөзсіз-ақ түсінетін ауызбіршілігімен талай жылдан бері сынақты сәттерден сәтті өтіп келеді. Жақында Құрық портында болған төтенше жағдайды айтайын. Бұйрық алғаннан кейін санаулы минуттар ішінде оқиға орнына аттанып, жете сала қажетті арнайы көтергіш құралдар мен жабдықтарды дайындап, жұмысқа кірістік. Теміржол табанынан шығып кеткен жанармай тиелген цистернаны қауіпсіз түрде көтеріп, рельске қайта орналастыру және пойыздар қозғалысының қалыпты жұмысын барынша қысқа мерзімде қалпына келтіру міндетін дер кезінде артық шығынсыз атқарып шықтық, – дейді Ербол Мүсірханов.  

Ұжым еңбек жағдайын жақсартумен қатар, жұмыс орнының эстетикалық көрінісіне де көп көңіл бөлетін көрінеді. ҚКП қызметкерлері өз бастамасымен 2025-2026 жылдары өздері отырған ғимараттың іші мен сыртына толық жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті тұрмыстық жағдайларын жасап алыпты. Мекеменің киім ауыстыратын, кезекші отыратын, жуынатын бөлмелері мен асханасы, жалпы жиналыс өтетін орны, бокс гараждары заманауи талаптарға сай жабдықталған. Ауласына жаңадан шамдар орнатылып, көгалдандырылған.  

Бүгінде №12 Маңғыстау қалпына келтіру пойызында 28 адам еңбек етеді – 4 кран машинисі мен 4 көмекшісі, 4 жүк іліп-байлайтын маман, 8 бульдозер машинисі, 1 электр маманы, 2 дәнекерлеуші, 2 шебер, 2 жолсерік және бәрінің жұмысын үйлестіріп отырған пойыз бастығы бар. Мекемеде бүгінде ауыр техникадан 2 кран мен 2 бульдозер және ХЕШ көтергіш құралдары мен электростанция жұмыс істеп тұр.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды