Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда

Аймақтар
26.09.2026, 09:36
Оқуға 1 мин
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстан темір жолының техникалық саясаты шеңберінде Бейнеу станциясы мен Шалқар – Бейнеу және Қандыағаш – Тобыл учаскелерінде кең көлемде жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.

Бүгінде Бейнеу станциясындағы «Б» паркінде жеті қабылдау-жөнелту жолын, 32 бағыттамалық бұрма мен 22 бағдаршамды микропроцессорлық орталықтандыруға қосу аяқталды. Нәтижесінде бағыттамалар мен сигналдарды басқару автоматтандырылған жүйеге ауыстырылды.  

Ал Шалқар – Бейнеу учаскесінде 154 шақырымдық учаскеде автоблоктау құрылысының кезекті кезеңі аяқталды. Жүйеге алты бөлек пункт қосылып, 36 бағдаршам жаңартылды және 118 тірек құрылғысы орнатылды.  

Ұзындығы 653 шақырым Қандыағаш – Тобыл учаскесінде теміржол желісі автоблокировкаға ауыстырылады. Никельтау және Қандыағаш станцияларында екі айналма жол салынып, 14 жаңа разъездер іске қосылды және үшеуі қайта жаңартылды.  

Сондай-ақ 43 шақырым рельстішпалдық тор төселіп, 116 бағыттамалық бұрма орнатылды, автоблоктауға 32 релелік және 14 микропроцессорлық разъездер қосылды. 620 шақырымнан астам кабель желілері салынып, 1 690 құрылғы ауыстырылды және 90 мыңнан астам дәнекерлеу орындалды.  

Жұмыстар аяқталғаннан кейін Қандыағаш – Тобыл учаскесінің өткізу қабілеті 2,5 есеге – тәулігіне 8-ден 20 жұп пойызға дейін ұлғайтылды.  

Жоба теміржол инфрақұрылымы мен техникалық құралдардың қауіпсіздігі мен сенімділігін арттырып, заманауи және тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды