Қайта түлеген Қаратау

Аймақтар
25.08.2020, 10:18
Асхат Райқұл

Кешегі келмеске кеткен кеңес үкіметі жылдары фосформен жарты әлемге танылған Жаңатас пен Қаратауды білмейтіндер кемдекем. «Егіз шаһардай болған қос қала сол кезде тікелей Мәскеуден қаржыландырылып, дүркіреген» деседі көз көргендер. Балапан басынан, тұрымтай тұсына кеткен жылдары тоқырауға ұшырап, тынысы тарылған сол Жаңатас пен Қаратау бүгінде қайта түлеген.

Бірін «Қазфосфат» ЖШС-ның «Жаңатас» тау-кен өңдеу кешені аяғынан тұрғызса, бірін «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені өркениетке жетеледі. Өндіріс бар жерде, жүк тасымалы бар. Ал жүк тасымалының иек артары, әрине, темір жол.

Бүгінгі таңда Қаратау станциясында құжынаған жүк пойыздары күндіз-түні бір тынбайтын қайнаған тірлік. Арғы жағындағы Жаңатас станциясынан, бергі жағындағы Аса, Тамды сынды шағын станциялардан келетін вагондарды қоса есептегенде, бір айда мұндағы теміржолшылар 17-18 мың шамасында вагонды күтіп алып, 700800 вагонды шығарып салады екен.

«Біздің аймақта ірі өндіріс ошақтары көп. Жалпы, Сарысу мен Таластың жері табиғи байлықтан кенде емес қой. Мәрмәр тастарын өндіретін «Алина холдинг» ЖШС, «Шолақтау» тау-кен өңдеу кешені, өзге де үлкенді-кішілі кәсіпорындар теміржолдың тасымалын тоқтатпақ емес. Келесі жылдан бастап жұмысымыз тіптен қыза түседі деген ойдамыз. Өйткені, Ресейдің «ЕвроХим» компаниясы ірге қалап жатыр өңірімізде. Жаңатас пен Қаратаудың мыңдаған тұрғынын қазірден жұмыспен қамтуда. 2021 жылдан бастап тауар тасымалын қолға алмақ. Олар да фосфор, уран өндірісін дамытады», – дейді станция директорының орынбасары Ғалымжан Сайлаубек.

Жауапты маманның сөзіне қарағанда, қауіпті індетке байланысты қалыптасқан төтенше жағдай, карантиндік режим кезінде де жүк тасымалы көрсеткіштерінде сондай алшақтық байқалмаған. Қаратау станциясының теміржолшылары, міне, бес айдан бері барлық медициналық-санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып еңбек етіп жатыр екен. Жүк тасымалына тапсырыс берушілермен де онлайн режимде байланыс орнатып, жұмыстың денін қашықтан атқаруға маскаларымен, қолғаптармен, арнайы киімдермен қызметкерлерімізді толық қамтамасыз еттік. Антисептиктен де тапшылық көрмедік. Сондықтан болар, теміржолшыларымыздың арасында дерт жұқтырғандар болған жоқ», – дейді Ғалымжан Бақытханұлы.

Қаратау станциясының ғимараты сонау кеңес заманында ірге қалағанымен, заманауи көркімен көз тартады. Екі жыл бұрын ғана ағымдағы жөндеуден өтіпті. Жұмысшылардың жағдайлары барынша қамтылған. 2021 жылы жүк кеңсесінің ғимаратын жаңарту жоспарланып отыр екен. 

Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті