Әр теміржолшы мүдделі болуға тиіс

Аймақтар
16.10.2020, 08:51
Асхат Райқұл

Жамбыл ЖТ бөлімшесінде күзгі комиссиялық тексерулердің қорытынды нәтижелері сөз болып, жетістіктер мен олқылықтар талқыланған жиын өтті. Басқосуда бөлімшенің тұтастай алғанда қысқы маусымға әзір екендігі анықталды. Дегенмен, кемшілік те жоқ емес.

Жиында белгілі болғандай, ғимараттарды, құрылыстарды, техникалық құрылғыларды күтіп ұстау мен пайдалану кезінде, сондай-ақ өндірістік процестердің технологиясын жүзеге асыруда бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол беру фактілері орын алған. Атап айтқанда, Сарышаған, Қияқты, Бурылбайтал, Малдыбай, Боранды, Құмшағал станцияларының, Шоқпар вагон депосының, Жамбыл локомотив пайдалану депосының басшылықтары сеніп тапсырылған кәсіпорындарды күзгі тексеріске толық дайындығын ұйымдастыра алмаған. 

ТЧЭ-31 мекемесінің қоршаған ортаны қорғау жағдайы алаңдаушылық тудырады. Биылғы ақпан айында Экология департаменті айыппұл салғанымен, өндірістік жұмыстар кезінде қоршаған ортаның ластануына әлі де жол берілуде. Мекеменің бас инженері бұл мәселені шешуде қауқарсыздық танытқан. Вагон пайдалану депосында шаруашылықты жоғары деңгейде ұйымдастыруға жеткілікті түрде материал бөлінбейтін көрінеді. Депоға бағынысты цехтардың жұмысы жүйелі назарға алынбайды. Сондықтан күзгі тексеріске әзірлік кезінде депо басшылығы Шоқпар, Талас, Бөген секілді шалғайдағы өнеркәсіптік аумақтарды қамтымаған. 

Осы уақытқа дейін кейбір құрылымдық мекемелерде қазандық қондырғысын пайдалану мәселесі шешілмесе, Сарышаған, Қияқты, Бурылбайтал, Малдыбай, Боранды, Құмшағал, Шоқпар станцияларының басшылары қозғалыс қауіпсіздігі бойынша өз міндеттерін сапалы орындамапты. Айталық, станция жетекшілерінің тәуліктік хаттамалары бірінен екіншісіне көшірілгені мәлім болса, олардың ішінде ойдан шығарылған мәселелер де қарастырылады. 

Қозғалыс қауіпсіздігінің талдауы нашар жасалған.

Ал өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары мен ережелерін сақтау бойынша жұмыстар жеткіліксіз жауапкершілікпен жүзеге асырылған. Жиындар тек ресми түрде өткізіледі, бағыныштылар арасында еңбекті қорғау мәселелерінің маңыздылығын түсіну деңгейі төмен. 

Ал TЧЭ-30 мекемесі мен Аңырақай, Алайғыр, Весна, Аспара, Луговая, Жаңатас, Бурыл, Абаил, Шөлдала станцияларының күзгі тексеріске жақсы дайындалғанын атап өткен жөн. 

Басқосу соңында бөлімше директоры Үмітбек Рысбеков орын алған кемшіліктерді жедел жоюды тапсырып, жүйелі жұмыс атқарудың маңыздылығын атап өтті. «Біздің мамандығымыздың жауапкершілігі зор. Сан саладан тұратын теміржол шаруашылығын жақсартуға басшылықтан бастап қарапайым жолшыға дейін, әрбір теміржолшы мүдделі болуға тиіс. Осы орайда барлық құрылымдық мекемелердің жетекшілеріне сеніп тапсырылған істі барынша жоғары деңгейде атқаруды, қауіпсіздік пен өнімділікті арттыруға жұмыс істеуді міндеттеймін», – деді ол.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады