Жамбылдық теміржолшылардың қырық пайызы екпе алды

Аймақтар
16.06.2021, 15:11
Асхат Райқұл

Жамбылдық теміржолшылар арасында қауіпті індетке қарсы вакцинациялау шаралары әлі де жалғасуда. Соңғы деректерге сүйенсек, өңірдегі сала мамандарының 40 пайызға жуығы коронавирусқа қарсы екпе салдырып үлгерген. Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Үмітбек Рысбековтің айтуынша, күні кешеге дейін аймақ теміржолшыларының 34,4 пайызы екпе алып үлгерген.

«Бізде 3500-дің үстінде теміржолшы еңбек етеді. Қазіргі таңда 1209 адам вакцина алып үлгерді. Олар екпенің түрін өздері таңдауда. Өзім алғашқылардың қатарында Біріккен Араб Әмірліктерінде өндірілген Sinopharm қытай вакцинасының бірінші, екінші компоненттерін қабылдадым. Күн сайын 30-40 жұмысшы Тараз локомотив пайдалану депосының медициналық пунктінде екпе салдырып жатыр», – деді ол.

Індет тарап басталғалы бері бөлімшенің 12 теміржолшысы «аунап тұрған» екен. Қуантатыны, олардың барлығы сауығып шыққан. Бөлімше басшысы ҚТЖ ұлттық компаниясы әу бастан теміржолшылардың денсаулығына аса мән беретінін жеткізді. «Қажет уақытта қашықтықтан қызмет еттік. Ондай режимге көшу мүмкін емес мамандарымызды керекті медициналық препараттармен де, бұйымдармен де толықтай қамтамасыз еттік. Соның ішінде қорғаныш маскалары, антисептиктер, халаттар  мен қолғаптар үзіліссіз таратылып тұрды, нәтижесінде вирус жұқтырған теміржолшылардың да саны төмен болды» дейді. Ал Жамбыл магистральдық желісінде еңбек ететін 4 мыңнан астам адамның 1524-і вакцинациямен қамтылған. Бөлімше басшысы Сұлтан Боранбаев бұл жалпы көрсеткіштің 37 пайызын құрайтынын жеткізді. «Расында, екпе салдыру және қай екпені таңдау – әркімнің еркіндегі дүние. Десе де, екпе салдырғысы келетін мамандарымыздың қатары күн санап арту үстінде. Өйткені, олар денсаулықтарына бейжай қарауды құп көрмейді», – деді ол.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады