Түрксіб станциясының теміржолшылары түгелдей вакцина алды

Аймақтар
02.07.2021, 13:58
Асхат Райқұл

Жамбыл теміржолына қарасты тоғыз жолдың торабындағы Түрксіб станциясының теміржолшылары түгелдей дерлік вакцина салдырып үлгерді. Ұжымдағы жүз шақты қызметкердің дені денсаулықтарына жауапкершілікпен қарайтындарын аңғартып, екпе салдырды. Станция басшысы Тимур Қисановтың сөзіне қарағанда, олар түсіндірме жұмыстарын мұқият әрі сауатты ұйымдастырыпты. «Қауіпті індеттің зардабын әлем елдерімен бірге біздің аймағымыздың тұрғындары да сезінді. Рас, бастапқыда бәрімізде де күмән, сенімсіздік болды. Алайда, уақыт індетпен ойнауға болмайтындығын көрсетті. Қаншама замандастарымыздан айырылып қалдық, жақын-жұрағаттарымыз, туған-туыстарымыз көз жұмды. Алайда, біз «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшылығының қолдауымен медициналық, гигиеналық құралдарды әу баста қолданып, санитарлық сақтық шараларын ерте бастап кеттік. Әлі сол үрдістен жаңылған жоқпыз. Соның арқасында ұжымда шығын жоқ», – дейді станция басшысы. Ал станция басшысының орынбасары Ердәулет Төлеков әріптестерінің денсаулықтарына байыппен қарайтынын мақтанышпен жеткізді. Ұжымда вакцинаны ең алдымен басшылық құрам алған екен. Содан соң, қызметкерлердің екпеге деген сенімдері күшейіп, жалғастырып әкеткен.

«Екпені ғалымдар еріккеннен ойлап тапқан жоқ. Президенттің те, Елбасының да вакцина салдыр- ғанына куә болдық. Демек, ол біздің деніміздің саулығының кепілі деп қарауға тиіспіз. Станция мамандары негізінен ресейлік «Спутник В» екпесі мен араб-қытай елдерінің бірлесе шығарған өнімі – «ХаятВакты» қабылдады. Барлығымыз да бірінші, екінші компоненттерін алдық. Қазір барлығымыздың да денсаулықтарымыз жақсы. Ешқандай шағымымыз жоқ», – деп атап өткен ол қауіпті індет таралғалы ұжымда бір-ақ теміржолшы пневмо- ниямен сырқаттанғанын жеткізді. Ол қазіргі таңда қатарға қосылып, өнімді еңбек етіп жүр.

Ал «Түрксіб» вокзалының бастығы Данияр Райкулов мекеменің көрінетін бірнеше тұсына арнайы плакаттар ілініп, «Ashyq» жобасының QR-коды ілінгенін мәлімдеді. Бұл бойынша қызметкерлерге де түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жолаушыларға қызмет көрсету шаралары жалғасуда. «Коронавирус инфекциясы тарала бастағанда әзірлік жұмыстарын жүргізіп, вокзалды медициналық-санитарлық қондырғылармен, бұйымдармен қамтамасыз еткен болатынбыз. Сол шараны содан бері үзген жоқпыз. Келушілердің дене қызуын өлшеу құрылғылары, қолғаптар, бетперделер, антисептикалық сұйықтықтар үнемі келіп тұрады. Дәрі-дәрмек қобдишаларымыз да дайын», – деді ол.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады