Арыс қаласындағы «Дендросаябақ» алдына жәдігер паровоз қойылды

Әлеумет
15.11.2021, 10:00
Жансая Сыдықбай

Шымкент қаласы бойынша меншікті тілшісі

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген Арыс қаласының 65 жылдық мерейтойы қарсаңында қалаға кіреберістегі «Дендросаябақ» алдына темір жол тарихынан сыр шертетін, бүгінде көненің көзіне айналған паровоз ескерткіші қойылды. Ашық аспан астындағы мұражайға орналастырылған паровоздың салтанатты лентасын ҚР Парламенті сенатының депутаты Әлімжан Құртаев, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев және Арыс қаласының құрметті теміржолшылары қиды. Бұл айбынды монумент теміржолшылар қаласы атанған барлық арыстық теміржолшылардың ғасырдан астам қажырлы еңбегіне деген құрмет пен тағзым болмақ. 1946 жылы Улан-Уде қаласындағы зауыттан шыққан, салмағы жүздеген тоннаны құрайтын отарбаны Шығыс Қазақстан облысы, Шемонайха станциясынан әкелген. Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ халқының тұрмысына дендеп енген темір жол Арыс қаласына өткен ғасыр басында тартылған «Орынбор-Ташкент» темір жолының құрылысымен келді. Сол кезден бастап күрежолдың бойындағы Арыс станциясы үлкен тораптық станцияға айналып, жергілікті халық үшін теміржолшы атакәсіпке айналды. Бүгін, міне, арыстық теміржолшылардың ерен еңбегіне көрсетілген құрмет ретінде тұғырға қонған көнекөз отарба арыстықтар үшін айтулы оқиға болып, ардагерлер ескі достарымен кездескендей көздеріне жас алды. Салтанатты шарада сөз алғандар қазақстандық теміржолшылардың ерен еңбегін кейінгі буынға үлгі етуді көздейтін мұндай бастамалардың құндылықтарды дәріптеу арқылы ұрпақтар сабақтастығын сақтап, жас буынды тәрбиелеуге ықпалы зор болмағын тілге тиек етті. Сондай-ақ, отарбаның Арыс қаласына жеткізілуіне тікелей ықпал еткен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевқа алғыс айтылды. Арыс қаласы әкімінің ұсыныс білдіруімен жобаны сәтті жүзеге асыруға Құрметті теміржолшы Мақсұт Іскендіров бастаған ардагерлер, тарихтың тірі куәгерінің тұғырға жеткізіліп, орнатылуына демеушілік жасап, материалдық көмек көрсеткен Ермекбай Ермановтың да зор үлесі аталып өтті. Бұдан бөлек, Арыс қаласындағы Теміржолшылар паркі де қайта жаңғырды. Өткен ғасырдың 60- шы жылдары бой көтерген саябақ Арыс қаласының 65 жылдығына орай мүлдем жаңа кейіпке енді. Орындықтар ауыстырылып, балаларға арналған түрлі ойын аттракциондары орнатылды. Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге арналған жол кеңейтіліп, жаңартылды және мұнда озық үлгідегі жарықтандыру технологиясы қолданылған.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады