Бадам станциясында тұратын ардагер әлеуметтік қолдаудан тыс қалып отыр

Әлеумет
06.05.2022, 14:35
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Оңтүстікте тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері, Құрметті теміржолшы Қалмен Мұратов биыл 98 жасқа толды. Жеңіс күні қарсаңында ұрпақтарына хабарласып, ақсақалдың хал-жағдайын білдік.

Бүгінде Бадам станциясында тұратын Қалмен ақсақал тамырын тереңге жайған алып бәйтерекке айналған. Қариядан 6 ұл мен 2 қыз тарап, солардан бүгінде 32 немере, 10 шөбере сүйіп отыр екен. 

1942 жылы 8 класты бітірген 18 жасар бозбала әскер қатарына шақырылады. Алдымен Аягөз станциясында курста 6 ай оқып, сержант шенін алады. 1943 жылдың қазан айына дейін сол станцияда Сергиополь қалашығында солдаттарды соғысқа даярлау, оқу-жаттығу курсынан өтеді. Сосын ғана батысқа аттанып, Беларусь майданында соғысқа кіреді. 1944 жылы Витебск қаласының маңында болған ауыр шайқаста сол қолынан жараланып, госпитальға түседі. Осы соғыста көрсеткен ерлігі үшін бірінші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапаттады. Соғысты жеңіспен аяқтап, «1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалін өңіріне тағып елге оралған майдангер Арыс вагон депосына бас кондуктор болып жұмысқа орналасады. Осы қызметте 1984 жылы зейнетке шыққанға дейін тапжылмай еңбек етеді. 

Соғыста алған марапаттар қа- тарын «Құрметті теміржолшы» белгісі, «Құрмет белгісі» ордені мен «Еңбек ардагері» медалі толықтырып, бүгінде ұзақ жылғы бейнетінің зейнетін көруде. 

Алайда қарияның ұлы Батыр соғыс ардагеріне лайықты деңгейде көңіл бөлінбейтінін айтады. «Мереке қарсаңында ғана 30-40 мың теңге береді, басқа уақытта ешқандай көмек жоқ. Ұлы Отан соғысының ардагері ретінде үй де, жер де берілген емес» деген баласы жүзге жақындаған қария сый-құрметтен қағылып отыр деген назын жеткізді. Ақсақалдың денсаулығы бір қалыпты, үйге өзі кіріп-шығады.

Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды