Өндірісте жарақат алған азаматтарға қаржылай көмек көрсетілді

Әлеумет
03.05.2023, 09:51
Оқуға 2 мин
Суреттерді түсірген автор

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалында мекемелерде өндірісте жарақат алған 11 азамат есепте тұрады. Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай оларға 30 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

Олардың қатарында Түркістан локомотив пайдалану депосынан Құрбан Оспанов, Қазығұрт станциясынан Есқали Мауленов, Арыс вагон пайдалану депосынан ІІ топ мүгедегі Арыстанбек Досанов және  Арыс локомотив пайдалану депосынан Үсен Жақыпбеков, Асқарбек Садықбеков, Мұрат Тоғызбаев, Рашид Қазиев, Махамбетжан Бейсембаев, Нина Алтунина, Ринат Зиянуров, Нақып Абылаев сынды азаматтар бар.        

Ал Шымкент магистральдық желі бөлімшесінде өндірісте зардап шеккен 29 азамат есепте тұрады, барлығы дерлік жарақат деңгейіне қарай ай сайын жәрдемақы алып отыр. Атаулы күн қарсаңында жұмыс барысында 100% жарақат алған Тұрғанай Айдарханова емдік шипажайға жолдама алып, аяқ протезін жасатып, мүгедектер арбасымен қамтылған, ал 80% жарақат алған Бейсенкүл Алдыбекова және 50% жарақат алған Серік Бекмурзаев та аяққа жаңадан протез қойғызса, 50% жарақаты бар Махира Нарметова сәуір айында Ташкент қаласында ем алды. Сонымен қатар есепте тұрғандар арасында көлікпен жүретін азаматтар тұрақты бензин талонымен және дәрі-дәрмекпен ай сайын қамтамасыз етіліп тұрады.

Сонымен қатар атаулы күн Шымкент айналым депосы ТД-16 мекемесінде де аталып өтіп, электровоз машинисі Лазизжон Сайденов, Бахытжан Бектемиров, Сүндет Қыдырәлі, Сергей Варва секілді бірқатар азаматтардың еңбек қорғауға қосқан үлесі марапатталып, «Теміржол – қауіпті аймақ» тақырыбында сурет салған машинистер балалары Мөлдір Балғабай мен Назерке Балғабай, Бахытжан Бектемиров кәсіподақ тарапынан сыйлық алды.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды