Қарттарға құрмет көрсетілді

Әлеумет
24.10.2024, 09:13
Оқуға 1 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қазақ қоғамында қариялар – елдік пен өнегелі өмір тәжірибесінің қайнар көзі. Атырау жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелеріне қарасты барлық мекемелерде «Қазан – қамқорлық айы» аясындағы айдың басында басталған шаралар әлі де жалғасуда.  

Кәсіподақтың кең қолдауымен өлке темір жолының дамуына сүбелі үлес қосқан еңбек ардагерлерінің басын біріктірген мән-мазмұны ерекше шара әр станцияда, локомотив, вагон деполарында, жол, байланыс, электрмен қамту дистанцияларында, жалпы өңірдегі барлық теміржол мекемелерінде өтуде. Кездесуге келген қариялар бірі-бірімен сағына көрісіп, құшақтар айқасып, емен-жарқын әңгіме өрбіді. Қай мекемеде де қарттарға арнап дастархан жайылып, қонақтарға дәм ұсынылды. Дастархан басында қарттар әңгіме-дүкен құрып, өткен-кеткенді еске алысып, бір жасап марқайып қалды. Соңынан дойбы ойнап ой сергітті.  

Қай мекемеде де болмасын ардагерлер ақтарыла сөйлеп, шараның мәнді де сәнді, мазмұнға лайықтап ұйымдастырылғанын атап өтті. Бөлімше басшыларына, кәсіподақ ұйымдарына және барша ұйымдастырушыларға риза көңілін білдіріп, кездесуден әдемі әсер, тың қуат алғандарын айтысып, баталарын берді. Соңынан ардагерлерге сый-сияпаттар табыс етілді. Сонымен қатар барлық станциялар мен мекемелердегі кәсіподақ бөлімшелері мамандары жалғыз басты, төсек тартып жатқан, әлеуметтік аз қамтылған және мүгедектігі бар зейнеткерлердің үйлеріне де барып, азық-түлік себетін табыстап, қайырымдылық акцияларын өткізді.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды