Ардагер теміржолшыларға құрмет көрсетілді

Әлеумет
21.01.2025, 09:07
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-ЖТ» ЖШС Қызылорда жол бөлімшесінің басшылығы мен кәсіподақ ұйымының төрағасы аймақ теміржолына өлшеусіз еңбегі сіңген ардагер теміржолшыларға құрмет көрсетті.

Қызылорда облысының құрметті ардагерлері, құрметті теміржолшылар Пазылбек Орынбасаров пен белгілі инженер-жобалаушы болған Бекжан Маханбетовтің шаңырағына бас сұққан олар қазына қариялардың хал-ахуалдарын біліп, ақыл-кеңестерін тыңдап, мерекелік сый-сияпаттарын табыстады.  

– Бөлімше директоры Батырхан Базарбаев, бөлімше директорының бірінші орынбасары Бекжан Өтеулиев, бөлімше бас инженері Күлхан Белкібаевтармен бірге бірнеше ардагердің отбасында болып, оларды жаңа басталған жылмен құттықтап, хал жағдайын білдік, салада болып жатқан оң өзгерістермен, жаңалықтардан хабардар еттік. Құттықтай келген бөлімше басшыларына зейнеткерлер алғыстарын айтып бата берді, жас буынға табыс пен абырой тіледі. Жалпы бөлімше бойынша ардагерлерге құрмет көрсету, олармен үнемі байланыста болу жұмыстары жыл бойы жүргізіледі, – дейді кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Көпірбаев.  

Сонымен қатар өткен аптада Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының Жаңақорған – Талап учаскесінде 40 жылға жуық еңбек еткен СОБ электромеханигі Дәулет Жұмабековті зейнет жасына құрметтеп шығарып салу рәсімі өткізілді. Дистанция басшылығы мен кәсіподақ ұйымының атынан әзірленген бағалы сыйлық пен құрмет грамотасын дистанцияның техникалық бөлімінің басшысы Нұрлан Жүсіпбаев пен кәсіподақ ұйымының төрайымы Ғалия Қожахметова табыстады.  

 

Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды
Аймақтар
01.09.2026
Жетісу облысында Достық вокзалы жаңарту жұмыстарынан кейін қайта ашылды