Зейінің ашылсын, балақай!

Әлеумет
04.09.2025, 19:57
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Білім күні» қарсаңында «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Ақтөбе филиалының кәсіподақ комитеті бірінші сыныпқа қадам басқан 45 балаға қуаныш сыйлады.

Мекеменің кәсіподақ комитеті филиал қызметкерлерінің мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге кеңсе тауарларымен толықтырылған сөмкелер табыстады.  

«Бүгін Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл. Бұл – мемлекеттің негізгі құжаты. Конституциялық қағидаларды берік ұстану – біздің міндетіміз. Осы күнді мектепке баратын бүлдіршіндерімізбен бірге атап өтуді ойладық. Мекемемізде жыл сайын жаңа оқу жылында әріптестеріміздің отбасындағы мектеп оқушыларына оқу құралдарымен бірге жаңа сөмке сыйлау дәстүрге айналған», – деді филиал директоры Сарыбай Сәрсенов.  

Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау – ұлттық компанияның басты басымдықтарының бірі. Қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру үшін арнайы бағдарлама аясында жұмыстар жолға қойылған. Кәсіподақ ұжымы бұл жолы да көпбалалы отбасыларды назардан тыс қалдырмады. Ұжымдық шартқа сәйкес филиал қызметкерлерінің 3 және одан жоғары мектеп жасындағы балаларына қаржылай қолдау көрсетілді.  

Мұндай көмек 229 балаға бағытталды. Әр балаға 4 АЕК мөлшерінде 3,6 млн теңге материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар Конституция күні мерекесіне орай филиалға қарасты атқыштар командалары мен топтарында оң нәтижемен көзге түскен үздіктерге Алғыс хаттар табыстады.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды