«Нұрлы жол» вокзалында конституциялық реформалар мен алдағы референдум талқыланды

Әлеумет
05.03.2026, 09:54
Суретті түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елордалық «Нұрлы жол» теміржол вокзал кешенінде ҚР Конституциясының негізгі ережелеріне және алдағы жалпыұлттық референдумның маңыздылығына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.  

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Бәшімов, Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден,  Астана қаласы мәслихатының депутаты Владислав Сергеев, заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилева атындағв ЕҰУ профессоры Ермек Әбдірасұлов қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – конституциялық құндылықтарды насихаттау және азаматтарға референдумға қатысудың құқықтық тетіктерін түсіндіру. Спикерлер жоспарланған өзгерістер саяси жүйені одан әрі демократияландыруға және адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін нығайтуға бағытталғанына назар аударды. Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов азаматтардың референдум арқылы шешім қабылдауға тікелей қатысуы халық билігінің ең жоғары көрінісі екенін атап өтті. Профессор Ермек Әбдірасұлов түзетулердің халықаралық стандарттарға сәйкестігін атап өтіп, оларға толық құқықтық түсініктеме берді. Астана мәслихатының өкілдері елорда тұрғындарының азаматтық белсенділігінің маңыздылығына баса назар аударды.  

«Жаңа Конституция жобасы Мемлекет басшысының жасап жатқан реформаларының логикалық жалғасы деп ойлаймын. Ата заңда барлық азаматтың құқықтары қарапайым тілмен жазылған. Оны жазуға 130-дан астам сарапшы қатысты. Құжатта қоршаған ортаны қорғау, еңбек адамдарының еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған. 15 наурызда өтетін референдумға отбасыларыңызбен бірге қатысуларыңызды сұраймыз», – деді Табиғат Зейнұлқабден.

«Нұрлы жол» вокзалы Астананы өзге қалалармен байланыстыратын пойыздардың 60 пайыздан астамын қабылдайды. Мұнда бүгінгі таңда 220 қызметкер жұмыс істейді. Солардың бірі – вокзал бастығының кезекші көмекшісі, әрі осы референдум бойынша №309 сайлау учаскесі төрағасының орынбасары Әділбек Нұралханов.  

– Бұл вокзалда бұған дейін де референдум болған кезде, яғни Алматы ауданына қарап тұрғанда бір ғана сайлау учаскесі болды. Ал қазір аудан аты Сарайшық деп өзгертілді, биыл бізде 3 сайлау учаскесі ашылды. Конституциямыз 84 пайыз жаңартылды, оның басты ерекшелігі – адамдардың құқығы, сосын маған ұнаған тұсы – батысқа еліктемей, отбасы құндылығын сақтау, яғни ер мен әйелдің арасында ғана некелесуге рұқсат етілуі. Бұл өзіміздің ұлттық болмысымызды сақтауда өте маңызды, – дейді ол.  

Кездесу соңында жалпыұлттық коалиция мүшелері «Нұрлы жол» вокзалының қызметкерлерін 15 наурызда өтетін референдумға қатысуға шақырды.

 

Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз