Есте қалатын ерекше күн

Әлеумет
21.08.2026, 09:01
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау локомотив пайдалану депосында еңбек ететін көп балалы қызметкерлердің бірінші сыныпқа баратын балалары мектепке дайын. Оларға сала кәсіподағының қолдауымен мектеп сөмкесі мен оқу құралдары сыйға берілді.

Бұл күн баланың есінде қалып, еңбек тәрбиесінде өзіндік орны бар күн болуын ескерген деполықтар ерекше дайындалыпты. Бүлдіршіндерге алдымен депоға саяхат ұйымдастырып, атааналарының жұмыс орнымен танысты. Кім біледі, олардың арасында болашақ машинистер жүрген болар.

– «Мектепке жол» акциясы – жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан дәстүрлі шараның бірі. Маңғыстау локомотив депосы, Бейнеу айналым депосы және Жаңаөзен айналым депосы бойынша, биыл мектеп табалдырығын аттайтын қырық балаға оқу құрал-жабдықтарымен толтырылған сөмкелер табысталды. Оларды таңдаған кезде ең бірінші сапасына мән бердік, – дейді Маңғыстау локомотив депосының кәсіподақ комитеті төрағасы Әбілсейіт Нәбиханов.  

Шынымен де, сөмкеде керекті құрал-жабдықтардан басқа баланы дамытуға арналған қосымша қолданылатын құралдың бәрі бар. Магнитті тақтайша, санау мен есепке арналған түрлі түсті таяқшалар, дөңгелекшелерден тұратын құрал да, құмсағат та бар. Оқушының шөлдегенде су ішетін бөтелкесіне дейін естен шықпапты. Дәптерінен бастап, еңбек құралдарын салатын папкасы, кітап, дәптердің қаптары, қаламдарға арналған қобдиша, қылқалам, жай қалам, түрлі түсті қарындаштар қорабы, желім, қайшы, өшіргіш, ұштағыш, сызғыш, бояу дейсіз бе, оқуға керектінің бәрі толық жабдықталыпты.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды