Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды

Әлеумет
07.09.2026, 09:53
Оқуға 1 мин
Сурет: Көліктегі полиция департаменті

Шымкент станциясындағы көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері «Саратов – Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында өрескел құқық бұзушылықтың жолын кесті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Пойыз қозғалысы кезінде полиция қызметкерлері вагон терезесінен теміржол жиегінде жүрген үш жасөспірімнің өтіп бара жатқан пойызға тас лақтырып жатқанын анықтаған.

«Полиция қызметкері шұғыл пойыз машинисімен байланысып, одан жылдамдықты төмендетуді сұрады. Жедел қабылданған шаралдардың нәтижесінде үш жасөспірім ұсталды», - деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.

Бұдан соң жасөспірімдер ата-аналарымен бірге Шымкент станциясындағы КПБ-ға жеткізілді. Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің қатысуымен жасаған әрекеттерін мойындады.

Олармен теміржол көлігі нысандарындағы қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал жасөспірімдердің ата-аналары балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өтіп бара жатқан пойыздарға тас және өзге де заттарды лақтыру жолаушылар мен пойыз бригадалары қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ теміржол көлігінің қауіпсіз қозғалысына елеулі қауіп төндіретінін ескертеміз.

Теміржол бойында ойнау және пойыздарға тас лақтыру жолаушылар мен балалардың өздері үшін өлім қаупін тудыратынын еске саламыз. Азаматтарды кәмелетке толмағандардың іс-әрекетін мұқият қадағалауға және оларды қауіпті аймақтарда қараусыз қалдырмауға шақырамыз.

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті