Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті

Әлеумет
26.09.2026, 08:27
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Самұрықнама: 20 игі іс» акциясы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобында Инклюзия күні өтті. ҚТЖ баскетбол құрама командасы «Жанасу» қайырымдылық қорының «Біргеміз» балалар баскетбол командасымен бірлескен жаттығу өткізді.

– Спорт адамдарды біріктіреді, ал игі істер назар мен қолдаудан басталады. Әр адам өзін үлкен команданың бір бөлігі ретінде сезінуі маңызды, осы мақсатта компанияның Әлеуметтік саясат департаменті бүгінгі жаттығуды ұйымдастырып отыр, – дейді аталған департаменттің бас менеджері Дастан Журкабаев.

Сонымен қатар 22 қыркүйек – Инклюзия күніне орай «Самұрық-Қазына» тобы компанияларының жастары, соның ішінде ҚТЖ қызметкерлері Астана қаласындағы №76 мектеп-лицейіне барып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жүздесті. Жастар балалармен бірге уақыт өткізіп, өзара қарым-қатынас жасап, мектептегі инклюзия кабинетімен танысты. Сондай-ақ мектеп басшылығымен кездесіп, инклюзивті білім беру бағытындағы жұмыстарды талқылады, балаларға арнайы сыйлықтар табыстады.  

– Инклюзия – әр балаға мүмкіндік пен қолдау көрсету. Инклюзивті білім беру – тек білім беру саласының ғана емес, бүкіл қоғамның дамуына ықпал ететін маңызды бағыт. Әрбір оқушының ерекше екенін мойындап, барлығына тең мүмкіндік беру – болашақтың негізі. Осындай жағдай жасап отырғын білім ордасының ұжымына алғысымызды білдірдік. Ерекше балалардың бойындағы өнері мен талантына тәнті болдық. Осындай маңызды істе бәріміз бірге болайық, бірге қолдайық, – дейді ҚТЖ-ның Әлеуметтік саясат департаментінің менеджері Ержан Жаналиев.

Еліміздің түкпір-түкпірінде «Самұрықнама: 20 игі іс» акциясы аясында ізгі бастамаларға ұласатын 20 күндік марафон өтуде. 20 қыркүйек пен 13 қазан аралығында «Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері ел көлемінде экологиялық, әлеуметтік, білім беру және қайырымдылық бағыттарында 20 игі істі жүзеге асырады. Бұл игі істер – табиғатты қорғау және көгалдандыру, инклюзия мен аға буынды қолдау, білім беру және кәсіби бағдар, цифрлық сауаттылық пен қауіпсіздік, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету бағытында болады.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды