Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты

Әлеумет
29.09.2026, 08:46
Оқуға 2 мин
Сурет: Самұрық-Қазына
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшы жастар ұйымы аймақ көлемі бойынша корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында ілкімді жұмыстар жүргізуде. Қайырымдылыққа негізделген мұндай акциялар қатары жуырда тағы бір маңызды шарамен толықты.

Бөлімшедегі жастар ұйымының белсенділері «Самұрық-Қазына» қорының 20 жылдығына орай «Самұрықнама: 20 игі іс» бастамасы аясында «Инклюзия күнін» ұйымдастырды. Олар Семей қаласындағы №13 және №20 мектептерде болып «Самұрық-Қазына» компаниялары ұйымдастырған инклюзияны қолдау кабинеттеріне баратын балаларға арналған танымдық-білім беру шеберлік сағатын өткізді.  

Ұйым төрайымы Арайлым Қосанова бастаған қыздар мен жігіттер балаларға түрлі дамытушы ойындар мен ұсақ моториканы, логикалық ойлау қабілетін, зейінін, есте сақтау қабілетін және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамытуға арналған тапсырмалар ұсынды. Сонымен қатар ой-өрісті ширатып, дене белсенділігін арттыратын жаттығуларды бірге жасады. Теміржолшы аға-әпкелерін еш жатырқамаған балалар да ойын түріндегі қызықты тапсырмаларды ыждағатпен орындап, бір-бірімен қарым-қатынас орнатып, шешімдерді бірге іздеді.  

– Сөз жоқ, мұндай дамытушы сабақтар балалардың қабілеттерін шыңдап, коммуникация дағдылары мен өз бетінше әрекет ету қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Мұнымен қоса, әр бала өз мүмкіндігін көрсетуге және өзін ұжымның бір мүшесі ретінде сезінуге мүмкіндік беретін қолайлы орта қалыптастырады. Біздің мақсатымыз да сол болатын. Бүлдіршіндермен бірге уақыт өткізіп, олардың қызығушылықтарымен танысып, әрқайсысының өзін еркін сезініп, өз қабілетін көрсетуіне мүмкіндік беру – біз үшін маңызды, – дейді Арайлым Қосанова.

 

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл