Кәсібилік – қауіпсіздік кепілі

Әлеумет
24.08.2016, 12:06
Оқуға 2 мин
Теміржолшы біліктілігі, маманның кәсіби де техникалық сауатты болуы – қызмет барысындағы қауіпсіздік негізі. Бұл қағида Семей жол бөлімшесінде де басты ұстаным саналады. Қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау шараларын жетілдіру аясында сала мамандарының тәжірибесін арттыру, біліктіліктерін шыңдау ісі бірінші кезекте жолға қойылған. Бөлімше бойынша әсіресе станция қызметкерлерінің кәсібилігіне баса көңіл бөлінген. Қызметтік ережелер мен қауіпсіздік және еңбекті қорғау инструкциясын үздік меңгерген қозғалысшы ғана талап үдесінен шыға алады. Ал бұл бағыттағы шаралар жылма-жыл үзіліссіз жүргізіледі. Соның ішінде теміржолшыларды кәсіби тұрғыдан оқыту, біліктіліктерін жетілдіру бағытындағы жұмыстарды айрықша атап өтуге болады. Мәселен, ағымдағы жылдың алты айының ішінде республикадағы теміржолшыларды қайта оқыту орталықтарына 11 маман білімін жетілдірген екен. Ал осынау мерзім ішінде Астана қаласындағы көлік технологиялары орталығында 4 адам арнайы біліктілік жоғарылату курсынан өтіп қайтыпты. Тек қатардағы теміржолшының кәсіби болуы аздық етеді. Қозғалыс барысын ұйымдастырушы, үдерісті қадағалаушы басты тұлға станция бастығының да біліктілігі жоғары болуы міндет. Биылғы жылы екі станция бастығы,  бір станцияның инженер-технологы мен бөлім бастығының орынбасары Елордадағы оқу орталығында  біліктілігін шыңдап, кәсібилік қырын дамытып қайтты. Бұл сөз жоқ, еңбектегі жетістікке де оң әсер ететіні анық, – дейді Семей жүк тасымалдау бөлімшесінің кадр бөлімінің басшысы Шалқар Мусаинов.  Жалпы, қазіргі күні станция қызметкерлеріне қойылатын талап қатаң. Сондықтан болар, бөлімше бойынша түрлі байқаулар мен ойын түріндегі техникалық дәрістер жиі өткізіледі. Басты тақырып ретінде қауіпті өндірістік факторлар, станциядағы габаритті емес орындарды санамалап шығу, локальды актілер жайлы сөз қозғалады. Мұндай байқауларда теміржолшының кәсіби білімінің деңгейі ғана емес, жұмыс орнын даярлау, қызмет барысындағы өзін-өзі ұстау мәдениеті, өндіріс барысындағы үдерістерден қаншалықты хабардар екендігі де сарапқа түсуде. Бұл шаралардың барлығы да өз кезегінде станция қызметкерлерінің кәсібилігін жоғарылата түспек.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл