Спорт күнін өткізді

Әлеумет
26.08.2016, 17:09
Оқуға 2 мин
Еліміз бойынша жыл сайын тамыз айында спорт күні атап өтілетіні белгілі. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының ұйымдастыруымен Қызылорда бөлімшесінде «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» тақырыбында үстел теннисі, шахмат, дартс, ерлер арасында кір тасын көтеру секілді спорттың төрт түрінен жарыс өтті. Бөлімшенің 8 бөлімінен 20-ға жуық теміржолшы қатысқан спорттық сайыстар тосынсыйға толы тартысты да қызықты өткені сонша, бұрын-соңды танылмаған талай теміржолшының бағын ашты. Ойшылдар  ойыны шахмат сайысында  ең мықты деген шахматшылар өзара сынға түсіп, бұрыннан бері жеңіс туын қолдан бермей келе жатқан кәнігі шахматшыларды жастардың ығыстырып шығарған сәттеріне куә болды көпшілік.   Нәтижесінде НЖС-10 мекемесінің жетекші есепшісі Н. Нұрмұратова «Үздік шахматшы» номинациясын жеңіп алды. Бұдан кейінгі кезекте үстел теннисінен сайыс өтті. Бұл жарыста НЖС-10 экономисі А. Даулетбаева мен ЛОИС инженері М. Быдықбаева «Үздік теннисші» жүлдесін еншілесе,  кір тасын көтеруден НОД-10 автокөлік жүргізушісі А. Дүзелбаев үздік деп танылды. Көздеу бойынша НЖС-10 хатшысы А. Тұрсын «Үздік мерген» атанды.  Қызылорда бөлімшесінің дене тәрбиесі және спорт бөлімінің аға нұсқаушысы Бақытжан Имбергенов «Қазақстан темір жолы» компаниясы спорттық сауықтыру шараларын өткізуді үнемі қолдап келетінін сөз етті. Жыл сайын мерекелік күндері дәстүрлі түрде бөлімше бойынша әртүрлі спорттық іс шаралар өткізіліп отырғанын және жақында ғана өткен облыс әкімінің жүлдесіне арналған спартакиадада «Теміржол» командасы шахматтан II орынды, үстел теннисі мен волейболдан III орынды жеңіп алғанын айтып, аймақ теміржолшыларының спотттық бәсекелерде жүлделі орындардан көрініп жүргендігін білдірді. Жарысты ұйымдастыруға мұрындық болған  «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева спорттың адам денсаулығын нығайтумен қатар ойлау қабілетін арттыруға қызмет ететінін айтып, сала қызметкерлерін салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Жеңімпаздарға  «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының алғыс хаты мен кубоктар табыстады.

Сабырхан НӘДІРБАЕВ, Қызылорда

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл