Теміржолшылар – «Бейбітшілік» акциясында

Әлеумет
02.09.2016, 18:49
Оқуға 2 мин
Биыл Семей ядролық сынақ алаңының жабылғанына 25 жыл толады. Осыған орай қаладағы Түйемойнақ аралында, «Өлімнен де күшті» монументі жанында 25 мың адамның қатысуымен «Бейбітшілік» акциясы болып өтті. Аталмыш шараға 200 теміржолшы қатысып, өз ұстанымдарын білдірді. Антиядролық акцияға атом бомбасының зардабын шеккен алыстағы Жапония елінен һәм өзге де алыс-жақын шет мемлекеттерден меймандар келген болатын. Шаһардағы өзге де көптеген мекемелер мен ұйымдар мүшелерінің қатарында теміржолшылар да  халықаралық ядро­лық қаруға қарсы іс-қимыл шараларына өзіндік үн қосатындықтарын жеткізді. Азалы монументке гүл шоқтарын қойған сала қызметкерлері полигон құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Расында, Семей жерінде ядролық сынақ жүргізуде тек физик ғалымдар мен әскерилер ғана емес, теміржолшылардың да өзіндік қатысы бар. Олар жаппай-қырып жоятын бомбалар сыналған өлкеге 142 шақырымдық Конечная-Семей тұйық желісін салды. Осынау жолмен атом реакторлары мен ядролық зарядтар тасымалданған жылжымалы құрамдарды қабылдап алып, жөнелтіп, қауіпсіздігін қадағалап отырды. Бұл қызмет радиациялық қауіптіліктің жоғары деңгейінде жүзеге асты. Сол себепті де сәулелену зардаптарын тартып, түрлі сырқаттарға шалдықты. Өмірлеріне елеулі залал келді. Полигон тақырыбына байланысты жабық әңгімелер аға буын теміржолшылар арасында там-тұмдап әлі де айтылады. Яғни, аталмыш тақырып семейлік сала қызметкерлері үшін де қаралы. Теміржолшылар да акцияға қатысушы өзге елдерді Елбасының ядролық қауіпсіз әлем жолында барлық халықаралық қауымдастықты бейбітшілікке шақырған бастамасына қолдау көрсетуге шақырып, үндеуге үн қосты. – Бейбітшілік акциясы – баршамыз үшін өте маңызды. Өйткені, Қазақстан ядролық қа­ру­дан бас татқан тұңғыш мемлекет ретінде әлемге үлгі болып отыр. Жаһан жұртшылығының елімізден үлгі алып, ізгілікке қол­дау көрсетуі өте маңызды. Бұл ретте Тәуелсіз еліміздің тұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев «Атом» жобасына қол қойған болатын. Бүгінде Семей қаласында 40 мыңға жуық тұрғын арнайы петицияға қол қойды. Әрдайым бейбітшілікті қол­дауға әзір болғандықтан мұндай шаралардан теміржолшылар да шет қалмайды, – дейді Семей жүк тасымалдау бөлімшесінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Асхат Жармұхамбетов.  «Бейбітшілік» акциясына Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун арнайы жолдауын жолдапты. Онда Елбасы Н.Назарбаевтың, күллі Қазақстан халқының әлемге қауіп төндірер алапат қарудың тоқтатылуына алғашқы болып қосқан үлесі жайында айтылады.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл