Қабыл Сафиннің 70 жылдығы аталып өтті

Әлеумет
01.04.2019, 12:03

Ақтөбе аймақтық теміржолшы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қабыл Сафиннің 70 жылдығы аталып өтті. Саналы ғұмырын Ақтөбе теміржолының дамуына арнап, қозғалыс саласында еңбек еткен ардагер әлі де белсенді, салауатты өмір салтын ұстанады.

Сондықтан қарт теміржолшыға әріптес інілері «70» деген белгісі бар спорттық форма тарту етті. Және Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі, магистральдық желі бөлімшесі және әскерилендірілген күзет командаларының арасында волейболдан арнайы турнир ұйымдастырылды. Зейнеттегі теміржолшының мерейтойына арналған спорттық шараға бөлімше басшылары да қатысып, мерейтой иесіне ізгі тілектерін білдірді. «Қабыл ағамыз өмір жолын теміржол саласына арнаған азамат. Әлі күнге дейін жастарға ақылшы, мол тәжірибесімен бөлісіп келеді. Салауатты өмір салтын ұстанып, денешынықтыру жұмыстарымен тұрақты айналысатыны сүйсінтпей қоймайды. Бұрын да басшылық қызметте болған әріптесіміз қазір ардагерлердің арасында да бедел ді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары.

Біз ағамызға мықты денсаулық, отбасына амандық, елімізге тыныштық тілейміз», – дейді Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі басшысының орынбасары Темірғали Көштаев. Зейнетке шыққанына 10 жылға жуықтаса да ардагер теміржолшы әріптестерімен байланысын үзген емес, қайта екі буын арасындағы байланыстың жандана түсуіне атсалысып, түрлі қоғамдық, спорттық шаралардың бел ортасында жүреді. Ардагер мерейтойы құрметіне арналған волейболдан үш команда арасындағы жолдастық кездесу ойдағыдай өтіп, барлық команда сый-сыяпатсыз қалмады. Соңында «Қабыл ағаларын» ортаға алып барлығы естелік суретке түсті.

Ардақ ЕРУБАЕВА

Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат