Отбасы құндылықтары ұлықталды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Қызылорда жүк тасымалдау бөлімшесінде Отбасы күні құрметіне аймақ теміржолшыларының арасында «Ең үздік отбасы» сайысы өтті.
Жас теміржолшылардың отбасы қатысқан жарыста алты жұп жүлдені өзара сарапқа салды. Таныстыру, отбасылық құндылықтарды қастерлеу және әр отбасы өз өнерін көрсету сынды үш түрлі турдан тұратын отбасылар сайысына жасы отыздан аспаған теміржолшылар жанұясы іріктеліп, қазақтың отбасы қандай болу керек деген тақырыпта бақ сынасты.
Үй тапсырмасы ретінде жанұя мүшелері салған суреттер көрмесін әзірлеген отбасылар ішінде Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің теміржолшысы Әбдіқалиевтер шаңырағының отанасы Мөлдір Ақышеваның өнері көрермендерді тәнті еткені байқалды. Өз өнерін көрсету сайысында алдына жан салмаған Құрманғазиевтер отбасының отағасы Рүстем де талай мәрте жастар арасындағы додаларға түсіп жүрген жүйрік екендігін тағы бір дәлелдеп, жиналғандардың алғысына бөленді.
Жарысқа қатысушы отбасылардың арнайы дайындаған отбасылық слайдын мультимедиялық экраннан тамашалаған қазылар алғашқы турды ашқан бөлімше қызметкері Алмағанбетовтер отбасына «Ынтымақты отбасы» номинациясын берсе, Ірілендірілген Қызылорда жол дистанция ұжымынан қатысқан Уайысовтар отбасы «Жарасымды жанұя» аталымын иеленіп, Жолаушылар вагондарын жөндеу депосы мекемесінің үмітін үкілеген Барысовтар жанұясы «Мерейлі отбасы» атанды.
Ал негізгі жүлдеге ие болғандарға тоқталсақ, отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында үш турды да еңсерген жас отбасылар арасынан жүлделі 3 орынды Локомотив пайдалану депосынан Асанхановтар отбасы иеленіп, «Үлгілі отбасы» номинациясын алды. 2 орыннан көрінген Құрманғазиевтер жанұясы «Өнерлі отбасы» номинациясына ие болса, «Ең үздік отбасы» номинациясымен бас жүлдені жеңіп алған Әбдіқалиевтар отбасы баршаның сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленді.
Қоғамдағы оғаш әрекеттен қорған болған отбасының жылуын алтын бесікке балаған сайыс қатысушылары еліміздегі отбасы ынтымағы арта берсін, ошақ жылуы тарқамасын, оттың шуағы түзу тарасын деген ниет ұстанған байқауға қатысушылар «тілек шамын» жағып, бір-бірлеріне игі тілектерін арнады.
Әр тур арасындағы үзілісті ырғақты ән, сырлы сазбен өрнектеген аймақ теміржолшылары көрермендердің көңілін тауып, зор қошеметке ие болды.
Байқауды ұйымдастыруға мұрындық болған «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы мен Облыстық «Жас Отан» жастар қанаты филиалы өкілдері жеңімпаздарды Алғыс хат пен арнайы сыйлықтармен марапаттады.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл