Пойыздардың төсек орындары жаңа стандартқа сай болмақ

Әлеумет
28.09.2019, 10:40
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл 1 қарашадан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан оңтүстік бағытқа аттанатын 8 бағдардағы жолаушылар пойыздарының төсек орындары жаңа стандартқа сай өзгертілмек. Бұл туралы аталған бағыттағы құрамдарды төсек-орын жабдықтармен және олардың тазалығы бойынша қызметпен қамтамасыз ететін «Шатыр» ЖШС басшылары мәлімдеді.

Қазақстан нарығында осы қызметпен 15 жылдан бері айналысып келе жатқан ұжым басшысы Серік Аркеновтің айтуынша, бұған дейін Қарағанды, Қостанай, Балқаш өңірінде жолаушылар пойыздарына қызмет еткен олар соңғы 2 жылдан бері елордалық құрамдардың да төсек орындарының тазалығын қамтамасыз етуге көшкен. Мінсіз қызметтерімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ көңілінен шығып отырған серіктестік жақында ұлттық компания ұсынысымен үлкен бір жаңа тендерді жеңіп алды.

– Енді бұрынғы мақтадан жасалған матрастар болмайды. Шынында бұл – өткен ғасыр еншісінде қалған дүниелер. Ресей де ондай матрастардан баяғыда бас тартқан. Міне, Қазақстан темір жолы да осы жаңашылдыққа бет бұрып, жолаушылар жайлылығы үшін үлкен жұмыстарды қолға алуда. Бізге аз ғана уақыт берілді, сол мерзім ішінде өзімізге тиесілі құрамдардың төсек- орын-жаймалары мен жастық, перделерін, жылы жамылғылары мен кілемдеріне дейін жаңа стандартқа сай өзгертіп, қараша айында дайын болуымыз керек. Одан басқа бізге қойылған басты талап – барлық өнім отандық өндірушілердікі болуы қажет, – дейді Серік Аркенов.


Бұған дейін мақта матрасты да, матасын да өздері шығарып, барлық жұмсақ жабдықтарды цехтарында өңдеген мекеме енді 5 жылға ұтып алған тендер шеңберінде бұрынғының бәрінен бас тартпақ. Ендігі жерде матрастың жаңа түрі поролоннан жасалмақ, ол отқа төзімді, су өтпейтін, жұмсақ тыспен қапталады. Поролонды дайындауда оған қосатын сұйықтықты Еуропадан әкеледі, оны көпіртеді, соны кесіппішіп поролон жасайды. Әзірге мұндай матрас жасаудан Қазақстанда баламасы жоқ болғандықтан, әрі тапсырыстың көптігінен кәсіпорын серіктестік берген көлемді уақытында үлгеріп орындай алмай қала ма деген де қауіп жоқ емес көрінеді.

– Сол сияқты төсек жаймасының құрамы да өзгермек. Бұрын кәдімгі бөзден жасалса, қазір поликатон деген матадан жасалады, ол сәтенге ұқсайды. Мұны да біздің тапсырысымызбен шымкенттік кәсіпорын өндіруде. Төсек жайманың құрамына қосатын шикізаттың 30 пайызы синтетика, 70 пайызы мақта. Жалғыз монополист болғандықтан олар ақшасын көтеріп, бізге шарт қойып отыр, – дейді серіктестік басшысы.

Ұлттық компания бекіткен жаңа стандарттар бойынша төсек-орындар ішіне кіретін кілемде де айырмашылық бар. Оның теріс тысы резеңке, түгі синтетика, жарамдылық мерзімі бұрынғыдан ұзағырақ болуы керек. Келісімшарт бойынша тек кілемді ғана басқа елден алып келуге рұқсат етілген. Оны серіктестік Түркиядан алдырмақ. Сол сияқты пойызда ең көп пайдаланылатын жастықтар да бұрынғыдай құс қауырсынынан емес, енді холлофайберден, синтефон шарлардан жасалады. Жастық қабының түсі көк, қалған төсекорын, перделер, сүлгілер ақ түстен болады. 

Мамандардың айтуынша, жаңа стандартқа сай өзгертілетін төсек-орын жабдықтардың бәрі де денеге зиянсыз, жарамдылығы ұзақ, жууға қолайлы өнімдерден жасалады. Енді бұрынғыдай емес серіктестіктің жуу цехтарында оларды тазалау технологиясы да өзгереді, яғни, бұл өнімдерге химиялық тазарту құралдары аз қосылады.

Нұр-Сұлтан, Павлодар, Қарағанды қалаларында цехтары бар мекеме «Жолаушылар тасымалы» АҚ-дан басқа да жеке тасымалдаушылармен жұмыс істейді. Солардың барлығына осы өнімдерді өздері жасап беріп, оны әр сапар сайын тазалап беру, кірлеген соң алып кетіп, жуып, залалсыздандырып, үтіктеп, жинақтап, қайта жеткізіп беру сынды қызметтердің бәрі де өз мойындарында. Жалпы серіктестік қызметіне шағым кем. Ал болған жағдайда, кез келген жан төсек жабдықтары салынған пакеттердегі байланыс номеріне хабарласып, өз шағымдарын айтуына болады. Қандай да бір келеңсіздік болса, олар кешірім сұрап ауыстырып беруге дайын. Мұндағы цехта жұмыс тәртібі мықты жолға қойылған, сондықтан өз имидждерін бәрінен биік қоятын серіктестік әрбір жұмысшыдан адал қызметті талап етеді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша серіктестіктің бір цехында 170 адам еңбек етсе, солардан санитарлық кітапшадан бөлек рухани адамгершілік те талап етіледі екен.

Төсек-жабдықтарын тазалау орнында барлық жуылатын дүниелер алдымен қабылдау орнына келіп түседі, одан әрі жуу аймағына өтеді. Онда лас төсекорындар 6 түрлі жуу түрі бойынша тазалаудан өтеді. Кір жуатын су хлордан, тұздан тазартылып, арнайы сүзгіден өткізіліп барып пайдаланылады. Бұл өнімдерді тез бүлінуден сақтайды. Одан әрі кептіріліп, үтіктеліп, сосын қаптамаға оралып салынады. Осы қызметтердің бәрі цехтың бір басынан басталып, соңына дейін жалғасады. Әрі қарай арнайы сақтау қоймаларына бір қапқа 10 жиынтықтан салынып өткізіледі де, уақыты келгенде арнайы жүк көліктерімен пойыздарға жеткізіледі.

Бір айта кетерлігі, мекеме баспанасы жоқ және алыстан келіп қатынайтындарды цех жанынан 25 орындық жатақханамен қамтамасыз етіп отыр. Жаңа стандартқа көшкен соң тәулік бойына жұмыс істеуге көшетін серіктестік жұмысшылары үшін бұл өте қолайлы екені даусыз. Санитарлық кітапша жүк тасушыларға дейін талап етіледі екен.

Өзі де теміржолшылар династиясынан шыққан серіктестік басшысы Серік Аркенов ұжымның мақсаты темір жол компаниясына мінсіз қызмет ету дейді.  

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды