«Маңғыстау.кз» ойыншысы – үздік

Әлеумет
19.11.2019, 13:28
Оқуға 2 мин

Түбектің жас теміржолшысы Маңғыстау өңірі бойынша жылдың үздік жайдарман ойыншысы атанды.

Теміржолшы жігіт бұл атаққа Қазақстан КВН одағы Маңғыстау филиалының ұйымдастыруымен өткен облыстық ашық чемпионаттың финалдық сайысының қорытындысында ие болды.

Сайысқа чемпионаттың ширек және жартылай финалдық бәсекелерінде өнегелі өнер көрсетіп, озық шыққандар ғана қатысты. Соның ішінде өңір теміржолының «Маңғыстау.кз» жайдарманшылар командасы да болды. Аталған құраманың белді мүшесі, астарлы әзіл мен қағытпа қалжыңды актерлік шеберлікпен ұштастыра ойын көрсетіп жүрген Ғалымжан Жексенов «Үздік ойыншы» номинациясын алды. Әрине, бұл Ғалымжанның алғашқы марапаты емес. Топтың ішінде өзіндік орны бар жігіт барлық жарыстардан командасымен немесе өзі жүлдесіз қайтқан емес. Бұған дейін де дәл осындай аталымды бірнеше мәрте иеленіпті.

− 2015 жылы Алматы ашық лигасының «Student life» лигасы финалынан, 2017 жылы Ақтөбеде Батысаралық өңірлік КВН ҚТЖ лигасы сайысында, 2018 жылы Маңғыстау облыстық ашық чемпионатының жоғарғы лига ақтық мәресінде, сол жылы сондайақ Астанада ҚТЖ КВН лигасының финалында «Үздік ойыншы» аталымын алғанмын. Міне, Ақтау қаласында қол жеткізген бүгінгі марапатыммен осы жылы Жайдарманмен қош айтыспақпын, – деп күлді Ғалымжан.

Біздің «неге?» деп сұрайтынымызды білген ол, жайдарманшы емес пе, әзіл-шыны аралас қалжыңдай сөзін жалғады. Өйткені, Ғалымжан бес жылдан бері жүрегінде жүрген аруына үйленуді жоспарлап отыр екен.

– Анамның енді «Үздік ойыншыны» емес, үздік келін алып кел деген өтінішін орындағалы отырмын, – деп қалжыңдаған ол, – қатарларым әлдеқашан отбасылы, бала-шағалы болды, сондықтан енді мен де отбасын құрып, бар зейінімді қызметіме салып, болашақта өз салам бойынша да үздіктер қатарынан көрінгім келеді, – деген Ғалымжанға сәттілік тіледік.

Айта кетейік, Ғ.Жексенов 2016 жылы Қазақ қатынасы жолдары университетін бітіріп, 2017 жылдан бері Маңғыстау станциясында жүк транзиттік агенті болып еңбек етеді. Содан бері ҚТЖ көлемінде өтіп жатқан талай жастар форумына, КТК ойындарына қатысып, біраз марапаттарға қол жеткізген.

Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?