Қайырымдылық қағидасын ұстануда
«ӘТЖК» АҚ Шымкент филиалының күзетшілері тоғыз айда «Шымкент, Қызылорда ЖТ» филиалдарының аумағынан 60 мың 513 пойызды қабылдап, өткізіпті.
Осы жаздан бастап «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» бағытында 40 тонналық контейнерлер жүре бастауынан пойыз саны артқан. Әрі көлемі ұзын құрамдарды күзету аталған сала мамандарынан күш жігерді талап етуде. Оның үстіне, Жезқазған – Бейнеу жолының ашылуына байланысты пойыздардың жылдамдығы артып, тасымал енді тасқындамақ. Сегіз айда филиал ұжымы 11 млн 859 мың 779 теңгенің вагон сағатын орындап, межені 328 пайызға орындапты. Күзет сағатын да іс жүзінде 952 мың 629 күзет сағатына толтырып, жоспарды 100 пайыз жүзеге асырған. Оңтүстік өңірдің әскерилендірілген темір жол күзетінің ұжымы әлеуметтік жағдайы төмен жандарға, жоқ-жітімге қайырымдылық жасаудан да қалыс қалған емес. Мәселен, биылғы алты айлықтағы табыстың үлесінен 7 млн 171 мың теңге әлеуметтік көмекке жұмсалған. Яғни, филиал бойынша 164 адамға жәрдем беріліпті. Төле би ауданындағы тірек-қимыл мүшесі зақымданған балалар емделетін «Көксәйек» интернатына 648 мың теңге қайырымдылыққа аударылса, «жетім көрсең, жебей жүр» қағидасын қалт етпей орындаған күзет қызметінің азаматтары Қызылордада тұл жетім қыз бала мен Шымкентте ата-анасыз өсіп жатқан 7 жасар Дастанды екі жылдан бері күзетшілер өз қамқорлықтарына алған. Сөйтіп, Олардың жеке есеп шотына қаржы аударумен қатар, әр тоқсандықта барып, киіндіріп тұрады. Ал, есепшоттағы қаржыны балалар жасы 18-ден асқан соң қажетіне жаратады. Сонымен қатар, осы мекемеде еңбек ететін 9 ауған соғысының ардагеріне, 19 адамның жақындарының өмірден өтуіне байланысты материалдық көмек көрсетілген. Бұдан бөлек, 68 күзетшінің шаңырағына қосылған сәбиге, 10 жігіттің шаңырақ құрғанына, 24 маманның денсаулығының сыр бергеніне, алтауының тісін протездеуге, үш қызметкердің зейнетке шығуына, 7 адамның мерейтойына, 17 әріптестің мүгедек балаларына жәрдем ретінде бөлінген.
Бекәли АЛТЫН, Шымкент
Жаңалықтар
14.10.2026
ҚТЖ Translogistica Kazakhstan-да
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр