Жанәділов құрметіне арналды

Әлеумет
05.10.2016, 18:05
Сыр өңірі темір жолының өркендеп өсуіне қомақты үлес қосып, кадр саясатының оң шешілуіне үлкен еңбек сіңірген майталман теміржолшы, 1977-1990 жылдар аралығында Батыс Қазақстан темір жолы Қызылорда бөлімшесін басқарған «Еңбек Қызыл Ту» орденді құрметті теміржолшы Орынбай Жанәділовты еске алу мақсатында бөлімшеге қарасты темір жол мекемелерінің ерлер командасы арасында волейболдан турнир өткізілді. Бөлімше ішілік волейбол турнирі Еңбек күні мерекесімен тұспа-тұс келді. Турнирдің ашылу салтанатында Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Аманкелді Арысбаев пен Орынбай Жанаділовтің туыстары атынан ардагер теміржолшы Лепес Жаниязовтар естеліктер айтып, спортшыларға сәтттілік тіледі. Қос мерекені облыстық «Динамо» спорт кешенінде атап өткен теміржолшылардың тоспа доп турниріне Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің «НОД ЖТ-10», Қызылорда локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ-34», Белкөл станциясының «ДС Белкөл», Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының «ЭЧ-25», Қазалы вагон пайдалану депосынан «ВЧД-6» және Қызылорда белгі беру-байланыс дистанциясының «ШЧ-39» құрамалары қатысып, өзара бақ сынады.Тартысты өткен жарыста «Үздік ойыншы» болып «ТЧЭ-34» құрамасынан А.Ысқақаов пен «ЭЧ-25-тен» Ғ.Жағалов танылса, «Үздік шабуылшы» номинациясы «ШЧ-39» командасының мүшесі Ж. Ерназаровқа бұйырды. Ал ойынның «Үздік қабылдаушы» атағына «ВЧД-6» командасының мүшесі А.Асаубаев лайық деп танылды. Ойын қорытындысында жүлделі үшінші орыннан Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясының «ЭЧ-25» құрамасы табылса, екінші орынды Қызылорда локомотив пайдалану депосының «ТЧЭ-34» құрамасы еншіледі, ал  жүлделі бірінші орынды Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің «НОД ЖТ-10» құрама командасы қанжығасына байлап, арнайы диплом мен кубок табысталды. Сондай-ақ, жүлделі үш орынға «Қазақстандық салалық темір жол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда филиалы атынан дайындалған ақшалай сыйлық берілді. Турнир арасында құрама қомандалардың демалу, тамақтануы секілді жұмыстарын темір жол мекемелерінің кәсіподақ ұйымы төрағалары жоғары деңгейде ұйымдастырып,  теміржолшылардың алғысына бөленді.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды