Теміржолшы-марафоншы

Спорт
28.12.2022, 12:23
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбелік зейнеткер теміржолшы Жұмабай Отарғалиевтың жылды марафонмен қорытындылап жүргеніне биыл төртінші жыл. Жетпіске жақындаған ардагер 23 шақырым қашықтықты еркін бағындырады.

Жұмабай ақсақал жылдағы әдетінше қазір жыл соңындағы марафонға дайындалу үстінде. Ол үшін салауатты өмір салтын сақтанып, күнделікті жаттығу жасайды.  Өңір спортшылары, қоғам белсенділерімен бірге өтетін марафонның ең алыс қашықтығын таңдайды. Ол төрт жылдан бері кәсіби спортшылардай 23 шақырымға жүгіретіндер қатарында.

«ҚТЖ қашан да спортты дамытуға айрықша назар аударып, теміржолшылардың спортпен айналысуына бар жағдай жасайды. Спорт арқылы қоғаммен байланысты дамытып, салауатты өмір салтын сақтауға күш салады. Қысы-жазы өтіп жатқан спартакиадалар соның дәлелі, жұмыс істеген жылдары да, қазір де бірде бір жарыстан қалған емеспін»,- дейді ардагер теміржолшы.

68 жастағы теміржолшы ардагер Жұмабай Отарғалиев Атырау өңірінің тумасы. 1976 жылы Ақтөбе теміржол техникумын тәмамдап, темір жол саласын пайдалану бойынша мамандық алды.  Сол жылы Шұбарқұдық станциясында парк кезекшісі болып, еңбек жолын бастайды. Кейін 41 разъезд басшысы, Ақтөбеде пойыз диспетчері қызметтерін атқарған. Жезқазған-Бейнеу теміржолы құрылысының салынуына үлес қосқан.

Қырық жылдай  спорттық шаралардың белсенді қатысушысы болған ағамыз 2017 жылы зейнетке шыққан соң да  белсенділігін жоғалтқан жоқ.  Теміржолшылар арасында велошабандоз ретінде де танымал. Осыған дейін 700 шақырым жолды 10 күнде жүріп өтіп, Ақтөбеден Қызылордаға велосипедпен жетті. Ардагер теміржолшы әріптестеріне жаңа жылда бақыт, шаттық, амандық, еңбекте үздік болуды тілейді.

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды