Жамбыл филиалында әйелдер арасында боулингтен турнир өтті (Фото)

Спорт
05.12.2023, 11:56
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

25 қарашада басталған «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» республикалық акциясы шеңберінде Теміржолшылар кәсіподақ ұйымының Жамбыл филиалы салада еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер арасында боулингтен турнир ұйымдастырды.

Халықаралық Конвенцияда әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою күніне орай жалпы ҚТЖ көлемінде қолға алынған іс-шаралар аясында өткізілген жарыста Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты мекемелерден 6 команда құрылып, өзара бақ сынасты.  

Тараз қаласындағы «Боулинг» орталығында өткен турнирдің ашылу рәсімінде Теміржолшылар кәсіподақ ұйымы Жамбыл филиалының төрағасы Жұман Сәменов пен Жамбыл бөлімшесінің бас инженері Дүйсенбек Сыдықов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы 16 желтоқсанға дейін жалғасатынын атап өтті.

Жалпы командалар боулинг жарысына жақсы дайындықпен келген екен. Әр құрама бір-біріне есе жібермеуге тырысты.  

– Турнирге қатысуға Жамбыл жол бөлімшесінен 6 командадан өтінім түсті. Әр топта бес-бестен, 30 адам. Жеңімпаздарға арналған кубок, дипломдар мен сыйлықтарымыз бар, – деді жарыстың жалпы ережесін түсіндірген Теміржолшылар кәсіподақ ұйымы Жамбыл филиалы төрағасының орынбасары Серік Наурызбаев.  

Тартысты өткен бәсекеде Жамбыл бөлімшесінің спорт нұсқаушылары Евгений Тян мен Амангелді Байходжаев автоматты көрсеткіштер бойынша талдау жасап, үздік командаларды анықтады. Турнир қорытындысында «Тараз» командасы чемпион атанды. Ал «НОД-8/1» құрамасы 2-орынды иеленді. Үздік үштікті түйіндеген топ – «ВЧД-27» спортшылары. Сондай-ақ жарыста «Кәсіподақ» командасы «Үздік спорттық форма» номинациясына ие болса, «Тараз» құрамасынан Айнагүл Нағашбек турнирдің «Үздік ойыншысы» атанды.  

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады