Болашақ станциясында жүк ағыны жыл сайын еселеніп келеді

Станция тынысы
26.01.2026, 09:25
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Елдің шалғайында жатқан Болашақ станциясында жылдан жылға қозғалыс артып, жұмыс қызуда. Былтыр болашақтық теміржолшылар 2 миллион тоннаға жуық жүк айналымын жүзеге асырған. Болашақ – Түркіменстан жолы арқылы сонша жүк ел асып, станцияның табысын еселеп арттырған.  

Станция бастығы Мақсат Нұрбековтің айтуынша, өткен жылы Болашақтан Түркіменстанға қарай 1,5 миллион тоннаға жуық  жүк тапсырылыпты. Оның негізгі бөлігін астық өнімдері арпа, бидай, ұн, макарон және күнбағыс майы алады. Сонымен қатар қағаз, металл конструкциясы, пиломатериал, құбыр, матор майы да бар. Ал көрші елден келген импорттық тауарлардың басым бөлігі – химиялық жуу құралдары, үй-тұрмыстық заттары, жеміс-жидектер мен сусындар, мата қапшықтары, пластмасса бұйымдары, күкірт қышқылы, т.б. көрінеді.

–  Былтыр Болашақ станциясы жылды жақсы аяқтады. Биыл жүк айналымы артады деген жоспар бар. Егер жүк айналымы біз болжағаннан да асып кетер болса, қосымша штаттар сұратып, жолдар ашуды қарастырамыз. Не дегенмен нәтижесін алдағы уақыт көрсетеді.  Жалпы, станцияның жұмыс қарқыны жоғары. Өткен жылы Түркіменстанға қарай 581 пойыз 24 093 вагон-1 млн 349 523 тонна жүк өткіздік. Кері бағытта 531 пойыз 22 322 вагон-341 066 тонна жүкті қабылдап алып, қажетті станцияларға жөнелттік. Бұл көрсеткіштер алдыңғы жылғымен салыстырғанда едәуір артқан, – дейді Болашақ станциясының бастығы Мақсат Нұрбеков.  

Станция бастығының сөзіне сүйенсек, Болашақ арқылы Түркіменстан теміржолына тапсырылып жатқан жүктер Түркіменстанның өзіне және Иран мен Ауғанстанға бағытталған. Олар – Ресей, Қытайдан және еліміздің өңірлерінен жеткізіліп жатқан өнімдер. Көрші елден біздің темір жолға өтіп жатқан жүктер Ауғанстан мен Ираннан Ресей мен Қазақстанның қалаларына жеткізілетін тауарлар екен.  

 

 

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады