Екінші жол екінші тынысымызды ашуда

Интервью
10.10.2017, 14:26

Еліміздің темір жол желісі арқылы жүк пойыздары ТМД елдеріне ғана емес,  Еуропа, Азияға да жол тартып, қазір транзиттік әлеуетті дамытуға айрықша көңіл бөлінген. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның ел аймақтарындағы филиалдары тонның ішкі бауындай, бір-бірімен қабыса жұмыс істеп, ел экономикасын көтеру жолында  еңбек көрігін қыздыруда. Солардың қатарында 12 мыңнан аса адам еңбек ететін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-на қарасты Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі де бар. Іргесін 1947 жылы Түрксіб теміржолы құрамында көтеріп, бүгінде 61 станцияның жұмысын бақылауға алып, үйлестіріп отырған бөлімшенің қызмет көрсету ауқымы  1224 шақырымды қамтыса, соның 926 шақырымы электрлендірілген. Қарағанды,  Алматы, Шымкент, сондай-ақ, Қырғыз республикасы теміржол бөлімшелерімен шектесетін бөлімше директоры Берік Ақшаловты әңгімеге тартып, өңір теміржолының тыныс-тірлігі, көрсеткіші туралы білген едік. –  Берік Сағымбекұлы, бүгінде жамбылдық теміржолшылардың алдына қандай міндет қойылып, қай бағытта жұмыс істеп жатыр? Таяу арада қандай жобаларды жүзеге асыру жоспарда бар? – Біздің басты міндетіміз  тасымал қызметінің табыстылығын және пойыздар қозғалысы мен еңбек қорғау қауіпсіздігін сақтау, сонымен  бірге теміржол көлігін тиімді пайдалану.  Осы міндеттер әрдайым өзекті. Ал жобаларға келсек, бірінші кезекте «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының орны ерек екенін еске салып өтпекпін. Бұл бағдарлама өңір инфрақұрылымдарының дамытылуына оң серпін беріп отыр. Мемлекет басшысы биылғы жолдауында «Жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту – басты бағыттардың бірі. Оған қазірдің өзінде қомақты инвестиция жұмсалды. Енді одан экономикалық қайтарым ала бастау қажет» деп атап көрсеткенін білесіз. Шынында, қазір еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру және отандық экспортты жаңа сапалы деңгейге жеткізу мақсатында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Өңіріміздегі Шу – Алматы темір жол теліміндегі  екінші жолдар құрылысының жүргізілуі соның бір айғағы. Екінші жолдардың пайдалануға берілуіне байланысты телімнің өткізгіштік мүмкіндігі үш еседен астам ұлғайды, сәйкесінше, жүк пойыздарының кезек күту уақыты екі есеге дейін кемітілуде. Осы жол бойынша жобаны жүзеге асыру барысында 49 шақырымнан астам басты жолдар салынбақ. Бұл аталған телімнің өткізгіштік қабілетін тәулігіне 68 жұп пойыз өткізуге дейін ұлғайта түседі.  Жолдың учаскеге тікелей тартылған бөлігінде жолаушылар пойызының қозғалыс жылдамдығы сағатына – 140, ал жүк пойыздары үшін  – 120 шақырымды құрайды.  Жол құрылысы биылғы жылдың екінші жартыжылдығында өзінің мәресіне жетпек. Жалпы Шу – Алматы-1 темір жол телімі бойынша шамамен 39 миллиард теңге көлемінде қаражат игерілетін болады. Бүгінгі таңда  Шу – Отар телімінде үш секциялы ВЛ80С электровозы пайдаланылуда. Шу – Отар темір жол телімінде екінші жолдардың құрылысы толығымен аяқталғаннан кейін,  2018 жылы KZ8AT сериялы электровоздарды пайдалануға беру есебінен Шу – Алматы-1 теліміндегі пойыздарға қызмет көрсететін  кепілдік қапталын ұзарту жоспарлануда.  Екінші жолдарды іске қосуға және участокты оңтайландыруға байланысты пойыздардың өткізгіштік мүмкіндігі жақсара түспек. Вагон айналымы да ұлғаяды, сонымен қатар, KZ8AT сериялы электровоздар іске қосылған кезде пойыздардың салмағын 3600 тоннадан  4500 тоннаға дейін жоғарылату көзделіп отыр. Қазіргі таңда Мойынты –Шу телімінде аталған локомотивтерді пайдалану арқылы 7000 тоннаға дейінгі салмақтағы пойыздардың өткізілуі жүзеге асырылуда. – Бәрекелді, тың жұмыстарда табыс тілейміз! Енді әңгімемізді қазіргі қаржылық қиыншылық жағдайында жүк айналымына қатысты меженің орындалу көрсеткішіне қарай ойыстырсақ. Бұл бағыттағы шаруа қалай болып жатыр? – Құдайға шүкір, көрсеткішіміз көтеріңкі. Биыл 9 айда жүк айналымы  11273,8 миллион текше метр ткм нетто көлемін құрады, сөйтіп, жоспар  104,7 пайызға орындалды. Жүк тасымалы бойынша жоспар 111,9 пайыз көлемінде орындалды. Яғни 3 миллион 109 мың тоннаның орнына,  3 миллион 478 мың 25 тоннна жүк тасымалданды. Бұл жоспардағыдан 369 мың 25 тоннаға артық.  Жоспарға сәйкес  47080 вагон орнына 52398 вагон жүк тасымалданды. Мұндай жетістікке біз  өңірдегі негізгі жүк жөнелтушілермен  кездесіп, жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға қатысты, сондай-ақ, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустириалды- инновациялық дамыту басқармасы мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен семинарлар өткізу арқасында қол жеткіздік. «Қалауын тапса, қар жанар» демекші, жүк жөнелтушілерді тарту мақсатында мерзімді басылымдарда насихаттық түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргіздік. Соның нәтижесінде 204 вагон немесе 12362 тонна жүк тасымалданып, қосымша  30338880 теңге табыс түсті. Тұтастай алғанда, жүк тасымалдаудан түскен табыс  8,815 миллиард теңгеден асты. Бұл 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, 15 пайызға артық. 2017 жылдың екінші жартыжылдығында жүк тасымалы көлемін  276,0 мың тоннаға ұлғайтамыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл істе «ЕуроХим Қаратау» «ЖЦПК», «WTRADING», «Қазфосфат», «АCIG», «Кнауф гипс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің қосар үлесі бұрынғыдан да мол болады деп күтілуде. Өңіріміздің өндірістік аймаққа айналуы осылай сала ісін жаңа сатыға көтеріп отыр. –  Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі мен тасымалданатын жүктер деңгейін  сақтау  үшін қандай жұмыстар жүргізілуде? – Біз технологиялардың мейлінше дамыған кезеңінде өмір сүрудеміз. Бүгінде бұдан бес жыл бұрынғы  технологиялардың уақыт талабына сәйкес келмей, қатардан шығып қалуы да ғажап емес. Әсіресе, бұл ақпараттық технологияларға байланысты. Ал темір жол көлігі саласында жаңашыл технологиялар көптеп енгізілуде. Соның арқасында локомотивтердің әлеуеті, құрамдардың жүк тасымалдау жылдамдығы, салмағы жылдан жылға арту үстінде. Бұл  машинистерге ғана емес, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты барлық теміржолшыға айрықша талап қойып, жауапкершілік жүктейді. Осы орайда, біз бөлімше еңбеккерлерінің талап үдесінен табылуы үшін кәсіби білім-біліктіліктерін арттыруға мүдделілік танытып отырмыз. Әр адам өз ісін бес саусағындай меңгеріп, адал еңбек еткенде ғана қауіпсіздік техникасы сақталып, жұмыс та алға баса бермек. Әңгімеңізге рахмет!

Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл

 
Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова