Ел шетіндегі теміржолшылар   

Послание
26.01.2018, 12:01
2 мин чтения
Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауы Түркіменстанмен түйісетін шекарада орналасқан Болашақ станциясының  тұрғындары арасында да қызу талқыланды. Жаңа Жолдау және ондағы міндеттер, әсіресе көліктік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру туралы болашақ үшін жасалған бағыт-бағдар болашақтықтарды да елең еткізбей қоймады.  Станциялықтармен кездесуге Маңғыстау магистралдық желі бөлімшесі директоры Мұхтар Бақтыгереев пен Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Ерлан Бурхутов бастаған топ барып,  Жолдау жүктеген 10 міндетке жеке-жеке тоқталып, кең түсінік берді. «Жолдау жаңа әлемге, яғни, төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайтын құжат. Ол үшін алдымызда түсінікті әрі айқын 10 міндет тұр. Мұны іске асыруға барлық қазақстандықтар қатарында теміржолшылар да бір кісідей атсалысуы қажет» – деді өз сөзінде бөлімше директорының орынбасары  Е. Бурхутов.  Жолдаудағы негізгі басымдықтарды түсіндіру барысында  магистральдық желі бөлімшесінің директоры еліміздің кемел келешегі, халықтың бақуатты өмір сүруіне қызмет ететін құжат деп бағалады, сондай-ақ  жаңа жылдың алғашқы айынан теміржолшылардың еңбек жалақысының 10 пайызға көтеріліп жатқанын жеткізді. Теміржолшылардың алдында тұрған мақсаттарға тоқталып өтіп,  жүк айналымын арттыру және оны уақытылы жеткізу, қызмет сапасын одан әрі жақсарту, жылжымалы құрамдардың жылдамдығын ұлғайту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сынды кәсіби міндеттерін жауапкершілікпен атқаруға шақырды.   Жиынның екінші бөлімі  «ҚТЖ»ҰК»АҚ және оның еңбек ұжымдары арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған жаңа ұжымдық шартпен таныстыруға арналды. Бұл мәселеге байланысты Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Р.Сарбулатова, жүк тасымалы бөлімшесінің персоналды басқару бөлімінің басшысы Екпін Қожахметов, кәсіподақ комитетінің төрағасы Әзірбай Тұрмағанбетов кеңінен түсінік берді.  Олар өз сөздерінде ұжымдық шарттың өткен жылғы орындалысы туралы, жаңадан қабылданған 2018-2020 жылдарға арналған жаңа ұжымдық шарттағы өзгешеліктер жайлы сөз етіп, көпшіліктің сауалдарына жауап берді.

Шахида Жұман

Пассажирские перевозки
14.10.2026
Более 4 тысяч видеокамер установили в поездах КТЖ
Грузовые перевозки
14.10.2026
КТЖ увеличило перевозки зерна в страны Центральной Азии на 33%
Новости
14.10.2026
Международная выставка TransLogistica Kazakhstan 2026 стартовала в Астане
Регионы
14.10.2026
Железнодорожники провели профилактические рейды на станции Жетысу
Регионы
14.10.2026
Илецкие железнодорожники провели уроки безопасности для школьников Акбулака
Регионы
14.10.2026
В Карагандинском эксплуатационном локомотивном депо готовятся к зимнему периоду
Новости
13.10.2026
Железнодорожники высадили 3 500 саженцев сосны в резервате «Семей орманы»
Новости
13.10.2026
Ревизоры Акмолинского участка провели 532 проверки за девять месяцев
Новости
13.10.2026
КТЖ совершенствует систему производственного обучения
Новости
13.10.2026
Порт Актау установил новый рекорд по контейнерным перевозкам
Новости
13.10.2026
Депутат Курултая оценил доступность ж/д инфраструктуры для маломобильных пассажиров
Новости / Архив
13.10.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №81 от 13 октября 2026 года
Социум
12.10.2026
КТЖ установило 80 модульных зданий для работников магистральной сети
Новости
12.10.2026
Более 400 локомотивов КТЖ оснастили интеллектуальной системой Trip Optimizer
КТЖ в лицах
12.10.2026
Наставники, опыт, преемственность: начальник ПБиЭ Карина Мухтарова рассказала о работе на железной дороге
Новости
12.10.2026
ҚТЖ запустило «Школу безопасности» для школьников Астаны
Новости
12.10.2026
ҚТЖ и Wabtec обсудили совместные проекты по цифровизации и локализации производства
Регионы
12.10.2026
Пожарный поезд станции Костанай задействовали в учениях по ликвидации возгорания в вагоне
Грузовые перевозки
09.10.2026
Экспорт грузов по железной дороге вырос до 69,4 млн тонн
Новости
09.10.2026
Атырауский филиал ВЖДО признали лучшим коллективом в системе ҚТЖ