Ел шетіндегі теміржолшылар
Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауы Түркіменстанмен түйісетін шекарада орналасқан Болашақ станциясының тұрғындары арасында да қызу талқыланды.
Жаңа Жолдау және ондағы міндеттер, әсіресе көліктік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру туралы болашақ үшін жасалған бағыт-бағдар болашақтықтарды да елең еткізбей қоймады. Станциялықтармен кездесуге Маңғыстау магистралдық желі бөлімшесі директоры Мұхтар Бақтыгереев пен Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Ерлан Бурхутов бастаған топ барып, Жолдау жүктеген 10 міндетке жеке-жеке тоқталып, кең түсінік берді.
«Жолдау жаңа әлемге, яғни, төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайтын құжат. Ол үшін алдымызда түсінікті әрі айқын 10 міндет тұр. Мұны іске асыруға барлық қазақстандықтар қатарында теміржолшылар да бір кісідей атсалысуы қажет» – деді өз сөзінде бөлімше директорының орынбасары Е. Бурхутов.
Жолдаудағы негізгі басымдықтарды түсіндіру барысында магистральдық желі бөлімшесінің директоры еліміздің кемел келешегі, халықтың бақуатты өмір сүруіне қызмет ететін құжат деп бағалады, сондай-ақ жаңа жылдың алғашқы айынан теміржолшылардың еңбек жалақысының 10 пайызға көтеріліп жатқанын жеткізді. Теміржолшылардың алдында тұрған мақсаттарға тоқталып өтіп, жүк айналымын арттыру және оны уақытылы жеткізу, қызмет сапасын одан әрі жақсарту, жылжымалы құрамдардың жылдамдығын ұлғайту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сынды кәсіби міндеттерін жауапкершілікпен атқаруға шақырды.
Жиынның екінші бөлімі «ҚТЖ»ҰК»АҚ және оның еңбек ұжымдары арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған жаңа ұжымдық шартпен таныстыруға арналды. Бұл мәселеге байланысты Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Р.Сарбулатова, жүк тасымалы бөлімшесінің персоналды басқару бөлімінің басшысы Екпін Қожахметов, кәсіподақ комитетінің төрағасы Әзірбай Тұрмағанбетов кеңінен түсінік берді. Олар өз сөздерінде ұжымдық шарттың өткен жылғы орындалысы туралы, жаңадан қабылданған 2018-2020 жылдарға арналған жаңа ұжымдық шарттағы өзгешеліктер жайлы сөз етіп, көпшіліктің сауалдарына жауап берді.
Шахида Жұман
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті