Басқару құпиясы – жоспарлауда

Новости
04.08.2017, 16:14
   Қай дәуірде де стратег тұлғалар, ол мейлі жоғары билеуші немесе әскери қолбасшы болсын ерекше құрметке ие болған. Біздің еліміз он жыл бұрын ойластырылған даму жолымен жүріп келе жатыр. «ҚТЖ» ҰК» АҚ ел экономикасының жетекші саласының флагманы ретінде, мейлінше тиімді болжам жасау арқылы ел дамуына күш қосып келеді. Осы мақсатта Компанияда тиімді басқаруға ықпал ететін жоспарлаудың біріктірілген жүйесін құру бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Жоспарлаудың біріктірілген жүйесі (ЖБЖ) – бұл бизнесті трансформациялау бағдарламасының басымдық берілген жобаларының бірі. Ол Компанияда өндірістік-қаржылық көрсеткішті болжаудың нақтылығын арттыру арқылы басқарылушылықты жетілдіруге бағытталған. ЖБЖ-ны енгізу маңыздылығы туралы біз осы жобаның демеушісі болып табылатын «ҚТЖ» ҰК» АҚ қаржы жөніндегі вице-президенті Жаслан Мадиевпен сұхбаттасқан едік. Жаслан Хасенұлының айтуынша, 2016 жылдың қараша айында Компанияның қолданыстағы АТ-жүйесімен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметінің негізінде, «Самрұқ-Қазына» АҚ-ның бастамашылық етуімен Жоспарлаудың біріктірілген жүйесінің прототипін жасау туралы шешім қабылданды. Былай айтқанда, ЖБЖ – кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық жоспарын құру үшін көптеген сценарийдің үлгісін жасап шығаруға мүмкіндік беретін сан алуан информациялық жүйелердің жиынтығы. – Бұл жүйеде жоспарлаудың түрлі көкжиегін қарастыру көзделген: қысқа мерзімді – бір жылға дейін, орташа мерзімді – бір жылдан бес жылға дейін мерзім және ұзақмерзімді – бес жыл және одан жоғары мерзім. Сонымен бірге бұл жүйе кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерін анықтауды да көздейді, – деп атап өтті Вице-президент. Ұлттық Компанияда бұрыннан бар жоспарлау үдерісімен қаржылық және өндірістік жоспарлар біріктірілген статистикалық көрсеткіштер деңгейінде шоғырландырылады. Өндірістік жоспар құрудың бірнеше тәуелсіз тармағы бар: жүк айналымын жоспарлау, жылдамдық пен жүріп еткен қашықтық туралы статистикалық мәліметтер және жүк айналымы бойынша локомотив паркін нормалау, жұмысты жоспарлау және компанияның өтінімі мен статистикасы бойынша (техжоспар) вагон парктерін нормалау, қозғалыс кестесі және пойыздарды құру жоспары мен оларға жедел түзету енгізу.    Бүгінде информациялық технологияларды, соның ішінде теміржол саласына арналған  қосымшаларды дамыту нәтижесінде жедел қызметтің үлгісін жасап шығаруға мүмкіндік беретін тетіктер қолданыста бар. Солардың арқасында оңтайландырудың кіріктірілген алғышарттарымен бірге жоғары дәлдіктегі жоспарлау жүйесін жасау мүмкін болды. Қаржылық жоспарлаумен біріктірілген жағдайда тиімділіктің негізгі көрсеткіштері ұлғаятын болады. Сәуір айында өткен ұлттық Компанияның жаңғырту және бизнес трансформациялау тобы бойынша Кеңесінің кеңейтілген отырысында Жоспарлаудың біріктірілген жүйесінің жобасы прототипінің нәтижелері қолдау тапты.  – Жоспарлаудың біріктірілген жүйесі жоспарлау үдерісі мен жүк, жолаушы тасымалдарын нормалауды оңтайландырады және автоматтандырады, ұлттық Компания қызметі мен оның түрлі құрылымдық бөлімшелерінің және клиенттерінің өзара әрекеттестігінің күрделі жүйесін, нақты айтқанда, жүк және жолаушылар тасымалын жүзеге асыруды, ұйымдастыруды, пайдалану шығыны мен барлық қызмет түрлері бойынша көрсеткіштерді, техникалық қызмет пен актив жөндеуін жоспарлауды оңайлатады, – деп түсіндіреді  Жаслан Хасенұлы. ЖБЖ-мен жұмыс істеудің ыңғайлылығы барлық көрсеткіштердің өзара байланысты болуында және бірыңғай ақпараттық кеңістікте орналасуында. Мәселен, табыс бөлігін болжаудың өзгеруі жағдайында дереу өзара байланысты позицияларға автоматты түрде түзетулер жүреді. Ал егер валюта бағамы түсіп немесе өзгеріске түссе оның да әсері бірден көрініс табады.  ЖБЖ-ның тағы бір ерекшелігі – оның станциядан станцияға дейінгі детализацияны болжам жасауға мүмкіндік беретіндігі. Егер бүгінде айлық жоспар бөлімшелер деңгейінде жасалса, ЖБЖ енгізілгесін мейлінше деталды жоспарлау мүмкіндігі станциялар деңгейіне дейін  туатын болады. Яғни, ЖБЖ корпоративтік мақсаттарды активтер бойынша да өндірістік телімдерге дейін каскадтық аяға келтіруге мүмкіндік береді. Сөйтіп ол ұлттық Компанияда тиімділікті басқару негізі болмақ. Компанияның оңтайлы инвестициялық бағдарламаларын құру және үлгісін жасау, талдауға бөлек көңіл бөлінетін болады. – Болжаудың нақтылығы ЖБЖ-ға енгізілетін дәйекті тарихи деректер арқылы қамтамасыз етіледі. Тарихи деректер мен макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау негізінде жүйе арқылы керекті перспективада жоспар құрылмақ. Жақын болашақта ЖБЖ-ні енгізу периметрі мен оны алдағы уақытта жүзеге асыру мерзімі мынадай: 2018 жылы  – Корпоративтік орталықта, 2019 жылы – «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы «Магистральдық желі дирекциясында», «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ, «KTZ – Express» АҚ-да. Ал 2020 жылы бұл жүйемен ұлттық Компанияның шоғырландырылған есептілігіне кіретін өзге де еншілес ұйымдары да жұмыс істеуі керек, – дейді Жаслан Мадиев. Қорыта келгенде, Жаслан Хасенұлы жобаны енгізуден кейінгі тиімділіктің оң болатынын атап айтты. Жүк айналымы мен кірісті болжау бойынша қателіктер ғана емес, осы болжамдарды жасау мерзімі де қысқаратын болады. Макроэкономикалық және өзге де ішкі орта көрсеткіштерінің өзгеруіне қарай болжалдау барысында (мәселен, оптимистік, базалық, пессимистік) түрлі сценарийлерді жедел жасау мүмкіндігі туады. Өндірістік көрсеткіштерді де мейлінше нақты болжауға мүмкіндік туады, бұл нәтижесінде  баланс, кіріс және шығыс бюджеті, бекітілген сценарийлер бойынша ақшалай қаржы қозғалыстары сынды барлық қаржылық көрсеткіштерді болжауды жылдамдатуға әкеледі. Бұған қоса ЖБЖ жобасын 2021 жылға дейін сәтті енгізген соң күтілетін қаржылық пайда шамамен 44 млрд теңге болмақ. Оқиға ортасында  «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бизнес трансформациялау бағдарламасы Жол картасы жобасының портфелінде басқарудың перспективалы басқаруының тағы бір үлгісі – Мамандандырылған көпфункционалды қызмет көрсету орталығы (КФҚКО). Бұл пилотты жобаның Астанада енгізілгеніне жарты жылдан аса уақыт болды. Жаслан Мадиев аталған жобаның Компанияға қандай өзгерістер әкелгенін айтып берді. КФҚКО енгізудің негізгі мақсаты – бухгалтерлік, салықтық және кадрлық есеп үдерістері бизнесін орталықтандыру, стандартты операцияларды жүргізуге шығынды оңтайландыру, шешімдер қабылдауда бухгалтер мен HR-менеджер рөлін көтеру жолымен операциялық тиімділікті арттыру. – Бухгалтерлік есеп туралы айтар болсақ, бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізу бойынша функциялар Астана қаласы филиалдарынан КФҚКО-на өткізілген. Бұл өндірістік бөлімшелер басшыларына негізгі профильді қызметтерін орындауға бар күштерін жұмылдыруға мүмкіндік берді. Сонымен бірге бухгалтерлік және салықтық есеп әдісі Компания деңгейінде орталықтандырылды,  – деп атап өтті Жаслан Хасенұлы.  Сонымен қатар бухгалтерлік және салықтық есеп құжаттарын өңдеу сапасы есептік үдерістерді бірыңғай ақпараттық жүйеге стандарттау есебімен арттырылды. Компанияның бухгалтерлік есебінде айқындылық пен бақылау артты. Салық есебіне келсек, мұндағы жаңашылдықтар функциялар мен салықтық басқаруда жауапкершілікті ұтымды бөлуге мүмкіндік берді. Яғни, филиалдар салықтық міндеттерді нақты орындауға жауап береді, ал КФҚКО есептеулер, салықтар және өзге де бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлем ақыларды өз мерзімінде есептеу мен толықтығының дұрыстығына жауапты. Оның үстіне ұлттық Компанияда салықтық есептің бақылау функциялары күшейтілген. Мәселен, КФҚКО-да құрылған салықтық аудит тобы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Шаруашылық басқару» филиалында аз ғана уақыт ішінде мүлік салығына, жер салығына, жер телімдерін қолдану ақысына, 2012-2016 жылдардағы корпоративтік кіріс салығына ішкі аудит жүргізді. Бұл аудит салық төлеуге және өзге де міндетті төлемдерді бюджетке төлегенге дейін болған бірқатар бұзушылықтарды анықтап берді. Осылайша ішкі салықтық аудит мемлекеттік органдарының салықтық тексеруіне дейін жіберілген кемшіліктерді анықтап, сол арқылы өндірістік емес шығындарды азайтты.    КФҚКО құру кадрлық есепке де айтарлықтай әсер етті. Құжаттар ресімдеуде HR-менеджерлердің еңбек шығындары азайып, шығарылатын құжаттардың сапасы 5,26%-ға дейін артты, Компанияның жергілікті актілері мен еңбек заңнамаларының нормалары құжаттарының сәйкестігіне бақылау күшейтілді. – Пилотты жоба тиімділігін көрсетіп отырғандықтан оны аймақтарда да тарату жоспарлануда. Сонымен осы жылдың соңына дейін КФҚКО-ның 11 аймақтық филиалын ашу көзделуде. 2018 жылы жобаны Компанияның еншілес ұйымдарында күшейту қарастырылмақ. Бүгінгі таңда АҚКО функционалды ережелерінің жобасы мен олардың ұйымдық құрылымы, штаттық кестесі жасалып, бекітілді. Соған қоса АҚКО-ға жабдықтар алуға электронды құжат айналымы жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жақын күндері Көкшетауда осындай орталық филиалын ашуға дайындық жасалуда. Жобаны жүзеге асырудағы басты тиімділік – операциялық шығындарды қысқартып, Компания тобында жұмыс тиімділігін арттыру болып отыр. Қазірдің өзінде жоба жемісін бере бастады. Жыл басынан бері Компанияда 4 жаңа филиал ашылды, бірақ сол кезде олардың құрылымында бөлек ішкі бухгалтерлік, кадрлық және салықтық есеп қызметтері құрылмады. Олардың қызметін КФҚКО атқарады. Осылайша, штат саны, еңбек ақы қоры, материалдық-техникалық жабдықтау шығынын оңтайландыруға қол жеткізілді. 

Райхан РАХМЕТОВА, 

Рашида МҰХАМЕТҚАЛИЕВА

Новости
25.11.2024
Неизвестные похитили болты скрепления пути на перегоне Көкпекті – Нұра
Новости
25.11.2024
Около 3 тысяч раз пришлось применить экстренное торможение машинистам КТЖ в 2024 году
Регионы
25.11.2024
Тянь-шаньские ели посадили сотрудники Алматинского отделения ГП
Новости
25.11.2024
Обучение по повышению компетенций провели для работников узла Кокшетау
Регионы
25.11.2024
С выходом бродячего скота на железнодорожные пути продолжают бороться в Костанайском регионе
Спорт
25.11.2024
Команда КТЖ заняла первое место на ІХ спартакиаде «Самрук-Қазына»
Регионы
25.11.2024
Итоги работы за 10 месяцев подвели в Алматинском отделении ГП
Новости
25.11.2024
Первый контейнерный поезд отправили по обратному маршруту ТМТМ - из Баку в Сиань
Новости
25.11.2024
Новое служебное помещение для сигналистов предгорочного парка построили на станции Астана
Новости
22.11.2024
КТЖ выявило хищение дизельного топлива на 16 млн тенге в депо Бесколь
Пассажирские перевозки
22.11.2024
Нацперевозчик объявил о скидках на железнодорожные билеты
Новости
22.11.2024
Железнодорожную инфраструктуру продолжают обновлять в Акмолинском регионе
Регионы
22.11.2024
Обучение первозимников ведут на предприятиях Семейского отделения ГП
Регионы
22.11.2024
Семинар-совещание по технике безопасности провели на станции Балхаш
Новости
22.11.2024
Около сотни руководителей линейного уровня путевого хозяйства прошли обучение в Астане
Новости
22.11.2024
Вопросы в области логистики и инфраструктуры обсудили на СВМДА в Астане
Грузовые перевозки
22.11.2024
Более 160 тысяч тонн зерна погрузили в ноябре в Костанайском отделении ГП
Новости / Архив
22.11.2024
Газета «Қазақстан теміржолшысы», №99 от 22 ноября 2024 года
Регионы
21.11.2024
Директор специализированного мостового отряда Канат Карбозов стал обладателем «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының құрметті қызметкері»
Регионы
21.11.2024
Экскурсию для подростков провели на железнодорожных предприятиях станции Илецк