Жолаушы тасымалы: бүгін және болашақта 

Новости
08.09.2017, 11:14
Астанада тұңғыш рет Халықаралық жолаушылар форумы өтті. 7 қыркүйек күні шымылдығын түрген шараға Достастыққа қатысушы елдердің Ресей, Украина, Беларусь, Литва, Тәжікстан, Эстония елдерінің өкілдері қатысты. Достастыққа қатысушы елдердің Теміржол көлігі Кеңесінің дирекциясы ұйымдастырған шарада жолаушы тасымалының өзекті мәселелері сөз болды.  «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Арман Сұлтанов Қазақ еліне осынау маңызды басқосуға келіп отырған форум қонақтарына алғыс айтып, форум жұмысы жемісті боларына сенім білдірді. – Қазақстан астанасында тұңғыш рет өтіп отырған Халықаралық жолаушылар форумына бүгін 1520 кеңістігіндегі жолаушылар тасымалын заманауи бағытта дамыту мәселесін талқылау үшін ТМД және Балтық жағалауы елдерінің темір жол әкімшіліктерінің өкілдері жиналып отыр. Қазақстанда жолаушылар тасымалын дамытуға айрықша көңіл бөлінген. Машина құрастыру саласындағы соны технологиялар тарнсферті отандық өндірістен шыққан жолаушылар вагондарымен және локомотивтермен қолданыстағы паркті жаңалауға, сондай-ақ, елімізде Жүрдек жолаушылар қозғалысын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Бес жыл ішінде қазақстандық «Тұлпар-Тальго» зауытынан 600-ден астам жолаушылар вагоны шықты. Нәтижесінде, қазіргі таңда Қазақстанның барлық ірі қалалары «Тұлпар-Тальго»  жолаушылар вагондарынан жасақталған 15 жүрдек жолаушылар бағдары желісімен қамтылған. Жол үстіндегі уақыт жүрдек қозғалыс нәтижесінде екі есеге қысқарып отыр. Сонымен қатар халықаралық бағдарларды дамытуға басымдық беріп отырмыз. Жолаушыларға қызмет көрсету саласында сервистік қызметтер спектрін кеңейту, сервис сапасын арттыру және вокзал шаруашылығын дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. «ЭКСПО-2017» көрмесі шеңберінде ТМД  елдерінде аналогы жоқ «Астана -Нұрлы жол» темір жол вокзалы кешені бой көтерді. Нысан ең соңғы үлгідегі технологиялармен және жабдықтармен жабдықталған, қауіпсіздік пен экологиялық стандарттарға сай.  Мұнымен қатар ел аумағындағы вокзалдардың да дамуына жағдай жасалып, сервис дамып отыр. Жеке меншіктік тасымалдаушылар қызметі де жетілдірілу  үстінде, – деген Арман Сұлтанов «халықаралық бағдарлардың тиімділігін көтеру, тарифтің бәсекелестікке сәйкестігін дамыту, жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыруға жаңа технологияларды тарту үшін бірлескен стратегиялық даму жоспарын түзу» қажеттігін атап өтті. Форумның құрметті қонағы, Достастыққа қатысушы елдердің  Темір жол көлігі кеңесі дирекциясының төрағасы Петр Кучеренко өз сөзінде құрылғанына 25 жыл болған кеңес тарихында Халықаралық жолаушылар форумы тұңғыш рет өтіп отырғанын, оның өтуіне бастамашылдық жасаған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ екенін атап өтті. «Бүгінгі форумды өткізуге не себеп? 2006, 2007 жылдың деректеріне сүйенсек, 280 жұп халықаралық жолаушы пойыз жүріп тұрды, ал 2016-2017 жылдар дерегіне келсек, 124 жұп жолаушы пойызы. Яғни 2 еседен көп деңгейге халықаралық жолаушы тасымалының түсіп кеткенін көреміз. Одан әрмен қарай бұл көрсеткіштің төмендеп кетпеуінің алдын алуға бола ма, халықаралық жолаушы тасымалы жұмысында қандай жолдар тиімдірек, осы сияқты мәселелерді көтеріп, бәрімізге ортақ бір шешімге келсек және оны биыл Ригада өтетін Кеңестің 67-ші отырысына шығарсақ деген тілегіміз бар» деп түйіндеді сөзін Петр Кучеренко. Форум қатысушылары халықаралық бағдардағы жолаушылар тасымалдауды әрі қарай дамытудағы қызмет сапасы мен тиімділігін көтеру, вагондардың жайлылығын жақсарту, жолаушыларға қызмет көрсету саласына жаңа технологияларды енгізу, жолаушыларды тасымалдау нарығын мемлекеттік реттеу барысы туралы маңызды мәселелерді талқылап, өз елдеріндегі жолаушылар тасымалы жағдайына қатысты жетістіктермен, проблемалармен, енгізіліп жатқан жаңа технологиялармен бөлісті. Форум жұмысы «Халықаралық жолаушылар тасымалының болашағы» және «Пойыздар мен вокзалдарда жолаушыларға қызмет көрсетудің жаңа технологиялары, сервис, жайлылық» тақырыптарына арналған екі сессиядан тұрып, оның барысында форумға қатысушылар қазіргі таңда туындап отырған көкейкесті мәселелерге жауап іздеді.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Новости
16.09.2026
Перевозки грузов через станцию Алтынколь выросли на 3%
Инфраструктура
16.09.2026
ТОО «Теміржол жөндеу» капитально отремонтировало около 230 километров пути
Регионы
16.09.2026
Уральские железнодорожники и полицейские провели беседу со студентами колледжа
Новости
16.09.2026
Начальники топливных складов прошли трехдневное корпоративное обучение в Караганде
Цифра недели / Грузовые перевозки
16.09.2026
Более 212,7 млн тонн грузов перевезено по сети КТЖ
Новости
15.09.2026
Железнодорожники и ДЧС потушили пожар на участке Караганда – Акадыр
Новости
15.09.2026
В КТЖ определили лучших экспертов-экологов
Новости
15.09.2026
Корпоративная олимпиада среди специалистов по безопасности и охране труда прошла в КТЖ
Новости
15.09.2026
Касым-Жомарт Токаев предложил создать казахско-корейское СП для транзита грузов
Пассажирские перевозки
15.09.2026
Правила безопасного проезда в поездах напомнили родителям и подросткам в КТЖ
Регионы
15.09.2026
Алматинское эксплуатационное локомотивное депо перевыполнило план перевозок в августе
Новости
15.09.2026
Глобальный транзит: ключевые итоги заседания ТМТМ в Болгарии
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с реконструкцией ж/д вокзала Мангистау
Новости
15.09.2026
Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой портовой инфраструктуры Мангистауской области
Социум
15.09.2026
КТЖ продолжает вести работу по улучшению санитарно-бытовых условий работников
Грузовые перевозки
15.09.2026
Министерство транспорта отметило рост железнодорожных перевозок зерна
Новости
15.09.2026
Интеграцию портов стран СВМДА обсудили в Баку
Новости / Архив
15.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №73 от 15 сентября 2026 года
Пассажирские перевозки
14.09.2026
АО «Пассажирские перевозки» напомнило о правилах провоза домашних животных
КТЖ в лицах
14.09.2026
Когда железная дорога становится частью жизни: история Тусупа Тлеулесова