Жолаушы тасымалы: бүгін және болашақта
Жаңалықтар
08.09.2017, 11:14
Астанада тұңғыш рет Халықаралық жолаушылар форумы өтті. 7 қыркүйек күні шымылдығын түрген шараға Достастыққа қатысушы елдердің Ресей, Украина, Беларусь, Литва, Тәжікстан, Эстония елдерінің өкілдері қатысты. Достастыққа қатысушы елдердің Теміржол көлігі Кеңесінің дирекциясы ұйымдастырған шарада жолаушы тасымалының өзекті мәселелері сөз болды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Арман Сұлтанов Қазақ еліне осынау маңызды басқосуға келіп отырған форум қонақтарына алғыс айтып, форум жұмысы жемісті боларына сенім білдірді.
– Қазақстан астанасында тұңғыш рет өтіп отырған Халықаралық жолаушылар форумына бүгін 1520 кеңістігіндегі жолаушылар тасымалын заманауи бағытта дамыту мәселесін талқылау үшін ТМД және Балтық жағалауы елдерінің темір жол әкімшіліктерінің өкілдері жиналып отыр. Қазақстанда жолаушылар тасымалын дамытуға айрықша көңіл бөлінген. Машина құрастыру саласындағы соны технологиялар тарнсферті отандық өндірістен шыққан жолаушылар вагондарымен және локомотивтермен қолданыстағы паркті жаңалауға, сондай-ақ, елімізде Жүрдек жолаушылар қозғалысын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Бес жыл ішінде қазақстандық «Тұлпар-Тальго» зауытынан 600-ден астам жолаушылар вагоны шықты. Нәтижесінде, қазіргі таңда Қазақстанның барлық ірі қалалары «Тұлпар-Тальго» жолаушылар вагондарынан жасақталған 15 жүрдек жолаушылар бағдары желісімен қамтылған. Жол үстіндегі уақыт жүрдек қозғалыс нәтижесінде екі есеге қысқарып отыр. Сонымен қатар халықаралық бағдарларды дамытуға басымдық беріп отырмыз. Жолаушыларға қызмет көрсету саласында сервистік қызметтер спектрін кеңейту, сервис сапасын арттыру және вокзал шаруашылығын дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. «ЭКСПО-2017» көрмесі шеңберінде ТМД елдерінде аналогы жоқ «Астана -Нұрлы жол» темір жол вокзалы кешені бой көтерді. Нысан ең соңғы үлгідегі технологиялармен және жабдықтармен жабдықталған, қауіпсіздік пен экологиялық стандарттарға сай. Мұнымен қатар ел аумағындағы вокзалдардың да дамуына жағдай жасалып, сервис дамып отыр. Жеке меншіктік тасымалдаушылар қызметі де жетілдірілу үстінде, – деген Арман Сұлтанов «халықаралық бағдарлардың тиімділігін көтеру, тарифтің бәсекелестікке сәйкестігін дамыту, жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыруға жаңа технологияларды тарту үшін бірлескен стратегиялық даму жоспарын түзу» қажеттігін атап өтті.
Форумның құрметті қонағы, Достастыққа қатысушы елдердің Темір жол көлігі кеңесі дирекциясының төрағасы Петр Кучеренко өз сөзінде құрылғанына 25 жыл болған кеңес тарихында Халықаралық жолаушылар форумы тұңғыш рет өтіп отырғанын, оның өтуіне бастамашылдық жасаған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ екенін атап өтті. «Бүгінгі форумды өткізуге не себеп? 2006, 2007 жылдың деректеріне сүйенсек, 280 жұп халықаралық жолаушы пойыз жүріп тұрды, ал 2016-2017 жылдар дерегіне келсек, 124 жұп жолаушы пойызы. Яғни 2 еседен көп деңгейге халықаралық жолаушы тасымалының түсіп кеткенін көреміз. Одан әрмен қарай бұл көрсеткіштің төмендеп кетпеуінің алдын алуға бола ма, халықаралық жолаушы тасымалы жұмысында қандай жолдар тиімдірек, осы сияқты мәселелерді көтеріп, бәрімізге ортақ бір шешімге келсек және оны биыл Ригада өтетін Кеңестің 67-ші отырысына шығарсақ деген тілегіміз бар» деп түйіндеді сөзін Петр Кучеренко.
Форум қатысушылары халықаралық бағдардағы жолаушылар тасымалдауды әрі қарай дамытудағы қызмет сапасы мен тиімділігін көтеру, вагондардың жайлылығын жақсарту, жолаушыларға қызмет көрсету саласына жаңа технологияларды енгізу, жолаушыларды тасымалдау нарығын мемлекеттік реттеу барысы туралы маңызды мәселелерді талқылап, өз елдеріндегі жолаушылар тасымалы жағдайына қатысты жетістіктермен, проблемалармен, енгізіліп жатқан жаңа технологиялармен бөлісті. Форум жұмысы «Халықаралық жолаушылар тасымалының болашағы» және «Пойыздар мен вокзалдарда жолаушыларға қызмет көрсетудің жаңа технологиялары, сервис, жайлылық» тақырыптарына арналған екі сессиядан тұрып, оның барысында форумға қатысушылар қазіргі таңда туындап отырған көкейкесті мәселелерге жауап іздеді.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты