Қазығұрт қателікті кешірмейді...
Новости
21.10.2016, 15:35
Арыс арқылы ОртаАзия мен Алматы, Семей, Қандыағаш, Қызылордаға баратын мұнай өнімдері Қазығұрт станциясында жинақталады. 28 жолы бар станция жұмысы өте ауқымды.
Жүк станциясының 1-14 жолында пойыздар қабылданса, 15-19 жолдарда вагондар сұрыпталып, жөнелтіледі. Ал 20-28 жолдар тек сұрыптауға бейімделген. Шымкент жүк бөлімшесі бойынша мұнда ең тек тәжірибелі мамандар жинақталған деуге болады. Себебі, дөңес кезекшілігінде отырған диспетчер Еркебұлан Байсариев айтқандай, Қазығұрт қателікті кешірмейді.
Өндіріс алаңындағы «Оңтүстік», «Солтүстік» алқымына дейінгі 200 метр аралық электрленгендіктен, электровоз екі жағынан да кіріп, дайын құрамдарды жібере алады. Қазығұрттың негізгі жұмысы Текесу бекетімен байланысты. Шымкент мұнай өңдеу зауытынан шығатын өнімді тасымалдау жыл он екі ай Қазығұрт пен Текесудың«мойнында». Сондықтан, бөлімшедегі жүк айналымының жетпіс пайызы осы екі станцияның үлесінде. Қазығұрт Текесуға алдымен бос вагондарды жіберіп, ол жақта жүк артылған вагондарды қабылдап алып, қайта сұрыптап, жоғарыдағы әр тарапқа жөнелтеді.
Қазығұртқа пойыздар бес тараптан келеді. Текесу, Тоғыс, Қызылсай, Шымкент, Арыс. Солтүстіктен келген бидай осындағы «Ақ бура», «Береке» жекеменшік диірмендерінде ұнға айналған соң, Арыс арқылы Тәжік, Ауған елдеріне жөнеледі.
Станцияда он сегіз кірме жол бар. Бұрынғы Фосфор зауытының ауласында шағын станция болатын. Сол қазір жекеменшікке өтіп, орнын «Ойлерс» ЖШС басқан. Олардың ауласына 1500-ге жуық вагон сияды. Цемент зауытының да кірме жолдары босай қалса, артық вагондар сонда тұрады. Жоғарыдағы «Ақбура» диірменінің кірме жолынан орташа тәулікте 5-6 вагон жүк тиеледі. Шымкентті жылумен қамту станциясы (ТЭЦ- 3) айына 14-13 вагон көмір түсіреді. «Өгем» ЖШС-нің тұйық жолында кедендік қойма бар, кедендік қызметкерлер сол жерде сырттан келген жүктердің сапасын тексереді. Күніне 15-20 вагон жүк түсіретін «Жер су»ЖШС-нің де өз кірме жолы бар. «Бейбарыс» мұнай базасына да күніне 5 вагон мұнай өнімі келеді. «Дельта Ойл» ЖШС-не жазда тәулігіне 5 вагоннан көп жүк түседі,сондай-ақ, Иранға айына 14 вагон құрама жем артылады. Қысқасы, жұмыс аса қауырт. Жұмыстың дені сұрыптау болғандықтан, қазығұрттықтар бұл жағынан өте сақ та мұқият. 4-5 тараптан келген пойыздардың вагондары ағытылып, қайта баратын жағына орай бір пойызға құрастылып, сосын бағытына түсіп кетеді. Вагондардың салмағы мен ұзындығына дейін талапқа сай реттеледі, – деп мәлімет берді станция бастығы жұмысымен таныстырған Тоқтасын Қалмырзаев.
Дөңес кезекшілігінде отырған Еркебұлан Байсариев келген кеткен пойыздарды шашып, қайта жинақтап, жаңа құрамдар дайындауды хабарлап, дөңес терезесінен мұқият бақылап отыр. Жалпы, дөңес кеңсесіндегі жұмыстың барлығы Қазығұртта отыз жылдан аса еңбек өтілі бар маневр диспетчері Зәкіпжан Исаевтың басшылығымен іске асады.
Тәулігіне 150-200 вагон жүк тиеледі, 15-ке жуық компаниямен жұмыс істейміз. Әрқайсының вагоны әр түрлі. Олардың өз алдына құжаты болғандықтан, жеке-жеке тапсырыс берушілердің вагонын дайындаймыз. Оның біреуінің ақшасы болмай қалады, екіншісі уақытылы келісімшартқа тұрмайды, енді бірінің қол қоятын өкілдері кешігеді дегендей. Екі ортада біздің уақытты алып, вагонның кестеге сай жүруіне кедергі келтіреді. Шұғыл жөнелту кезінде вагондарды осындай бей-берекетсіздер ұстап қалады. Мәселен бүгін 12-ші жолда 65 вагон дизтопливаға, 13-ші жолда 65 вагон бензинге, 4-ші жолда 23 вагон керосинге лайықталып, жіберілуге әзір тұр. Олар осы қатарымен Текесуға барып, әлгі өнімдермен толып келеді. Күн сайын жөнелуге 5-6 құрам дайын тұрады. Оның ішінде үшеуі кетсе, үшеуі жаңағыдай ретсіздіктен қалып қояды. Сосын жүк алушылардың зауытқа уақытылы ақша түсірмесе, зауытта өнімді қарызға құймайды. Екі ортада вагондар жолда тұрып, бізге кедергі болады. Одан бөлек, біз де өнімі құйылған вагонды ақысын төлемесе жібере алмаймыз. Өйткені, нарықтық заманның талабы сондай... Осы вагондардың жолдарда артық уақыт тұрғанының салдарынан сырттан келуге тиіс вагондар тұратын жол босамай қалады, – дейді Қалмырза Тұрсынбекұлы қарбаласқа толы жұмысқа кедергі келтіретін келеңсіздіктердің де көп екенін
жасырмай...
Динар МЕЙІРМАН, Қазығұрт
Грузовые перевозки
04.09.2026
КТЖ Express организовало мультимодальную перевозку химической продукции из Японии в Казахстан
Новости
04.09.2026
Акмолинское отделение грузовых перевозок — победитель конкурса «Үздік теміржол ұжымы»
Грузовые перевозки
04.09.2026
Более 1,1 млн тонн угля доставлено к отопительному сезону в Акмолинскую область
Регионы
04.09.2026
Акция «Безопасный переезд» прошла в Кызылординском регионе
Регионы
04.09.2026
Лучших работников контактной сети определили в Карагандинском регионе
Регионы
04.09.2026
Нейсколько рейдов в рамках акции «Безопасная железная дорога» прошли в Павлодарском регионе
Новости / Архив
04.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №70 от 04 сентября 2026 года
Новости
03.09.2026
На 100 железнодорожных вокзалах завершены строительно-монтажные работы
Новости
03.09.2026
Локомотивные бригады КТЖ предотвратили 39 ДТП на ж/д переездах
Новости
02.09.2026
Завершена стыковка главного пути новой линии «Кызылжар — Мойынты»
Регионы
02.09.2026
Железнодорожный вокзал Жем открылся после реконструкции в Актюбинской области
Регионы
02.09.2026
Более 60 водителей получили разъяснения о правилах пересечения ж/д переездов в Алматинском регионе
Интервью
02.09.2026
Своевременная доставка угля – один из ключевых факторов энергетической устойчивости страны
Трансформация
02.09.2026
Глава государства предложил ускорить создание современного транспортно-логистического каркаса Евразии
Регионы
01.09.2026
Железнодорожный вокзал открылся после реконструкции на станции Достык
Регионы
01.09.2026
Реконструкция вокзала Жаланашколь завершена в области Абай
Новости
01.09.2026
КТЖ призывает школьников соблюдать правила безопасности вблизи железной дороги
Грузовые перевозки
01.09.2026
КТЖ перевезло более 1 млн тонн зерна с начала нового сезона
Социум
01.09.2026
Волонтеры КТЖ собрали школьные наборы для 730 первоклассников с отдаленных станций
Новости / Архив
01.09.2026
Газета Қазақстан теміржолшысы, №69 от 01 сентября 2026 года