Қазығұрт қателікті кешірмейді...

Жаңалықтар
21.10.2016, 15:35
Арыс арқылы ОртаАзия мен Алматы, Семей, Қандыағаш, Қызылордаға баратын мұнай өнімдері Қазығұрт станциясында жинақталады.  28 жолы бар станция жұмысы өте ауқымды. Жүк станциясының 1-14 жолында пойыздар қабылданса, 15-19 жолдарда вагондар сұрыпталып, жөнелтіледі.  Ал 20-28 жолдар тек сұрыптауға бейімделген. Шымкент жүк бөлімшесі бойынша мұнда ең тек тәжірибелі мамандар жинақталған деуге болады. Себебі,  дөңес кезекшілігінде отырған диспетчер Еркебұлан Байсариев айтқандай, Қазығұрт қателікті кешірмейді. Өндіріс алаңындағы  «Оңтүстік», «Солтүстік» алқымына дейінгі 200 метр аралық  электрленгендіктен, электровоз екі жағынан да кіріп, дайын құрамдарды жібере алады. Қазығұрттың негізгі жұмысы Текесу бекетімен байланысты. Шымкент мұнай өңдеу зауытынан шығатын өнімді тасымалдау жыл он екі ай Қазығұрт пен Текесудың«мойнында». Сондықтан, бөлімшедегі жүк айналымының жетпіс пайызы осы екі станцияның үлесінде. Қазығұрт Текесуға алдымен бос вагондарды жіберіп, ол жақта жүк артылған вагондарды қабылдап алып, қайта сұрыптап, жоғарыдағы әр тарапқа жөнелтеді. Қазығұртқа пойыздар бес тараптан келеді. Текесу, Тоғыс, Қызылсай, Шымкент, Арыс. Солтүстіктен келген бидай осындағы «Ақ бура», «Береке» жекеменшік диірмендерінде ұнға айналған соң, Арыс арқылы Тәжік, Ауған елдеріне жөнеледі. Станцияда он сегіз кірме жол бар. Бұрынғы Фосфор зауытының ауласында шағын станция болатын. Сол қазір жекеменшікке өтіп, орнын «Ойлерс» ЖШС басқан. Олардың ауласына 1500-ге жуық вагон сияды. Цемент зауытының да кірме жолдары босай қалса, артық вагондар сонда тұрады. Жоғарыдағы «Ақбура» диірменінің кірме жолынан орташа тәулікте 5-6 вагон жүк тиеледі. Шымкентті жылумен қамту станциясы (ТЭЦ- 3) айына 14-13 вагон көмір түсіреді. «­Өгем» ЖШС-нің тұйық жолында кедендік қойма бар, кедендік қызметкерлер сол жерде сырттан келген жүктердің сапасын тексереді. Күніне 15-20 вагон жүк түсіретін «Жер су»ЖШС-нің де өз кірме жолы бар. «Бейбарыс» мұнай базасына да күніне 5 вагон мұнай өнімі келеді. «Дельта Ойл» ЖШС-не жазда тәулігіне 5 вагоннан көп жүк түседі,сондай-ақ, Иранға айына 14 вагон құрама жем артылады.  Қысқасы, жұмыс аса қауырт. Жұмыстың дені сұрыптау болғандықтан, қазығұрттықтар бұл жағынан өте сақ та мұқият.  4-5 тараптан келген пойыздардың вагондары ағытылып, қайта баратын жағына орай бір пойызға құрастылып, сосын бағытына түсіп кетеді. Вагондардың салмағы мен ұзындығына дейін талапқа сай реттеледі, – деп мәлімет берді станция бастығы  жұмысымен таныстырған Тоқтасын Қалмырзаев. Дөңес кезекшілігінде отырған Еркебұлан Байсариев келген кеткен пойыздарды шашып, қайта жинақтап, жаңа құрамдар дайындауды хабарлап, дөңес терезесінен мұқият бақылап отыр. Жалпы, дөңес кеңсесіндегі жұмыстың барлығы Қазығұртта отыз  жылдан аса еңбек өтілі бар маневр диспетчері Зәкіпжан Исаевтың басшылығымен іске асады. Тәулігіне 150-200 вагон жүк тиеледі, 15-ке жуық компаниямен жұмыс істейміз. Әрқайсының вагоны әр түрлі. Олардың өз алдына құжаты болғандықтан, жеке-жеке тапсырыс берушілердің вагонын дайындаймыз. Оның біреуінің ақшасы болмай қалады, екіншісі уақытылы келісімшартқа тұрмайды, енді бірінің қол қоятын өкілдері кешігеді дегендей. Екі ортада біздің уақытты алып, вагонның кестеге сай  жүруіне кедергі келтіреді. Шұғыл жөнелту кезінде вагондарды осындай бей-берекетсіздер ұстап қалады. Мәселен бүгін 12-ші жолда 65 вагон дизтопливаға, 13-ші жолда 65 вагон бензинге, 4-ші жолда 23 вагон керосинге лайықталып, жіберілуге әзір тұр. Олар осы қатарымен Текесуға барып, әлгі өнімдермен толып келеді. Күн сайын жөнелуге  5-6 құрам дайын тұрады. Оның ішінде үшеуі кетсе, үшеуі жаңағыдай ретсіздіктен қалып қояды. Сосын жүк алушылардың зауытқа уақытылы ақша түсірмесе, зауытта өнімді қарызға құймайды. Екі ортада вагондар жолда тұрып, бізге кедергі болады. Одан бөлек, біз де өнімі құйылған вагонды ақысын төлемесе жібере алмаймыз. Өйткені, нарықтық заманның талабы сондай... Осы вагондардың жолдарда артық уақыт тұрғанының салдарынан сырттан келуге тиіс вагондар тұратын жол босамай қалады, – дейді Қалмырза Тұрсынбекұлы қарбаласқа толы жұмысқа кедергі келтіретін келеңсіздіктердің де көп екенін  жасырмай...

Динар МЕЙІРМАН,  Қазығұрт

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды