«Қаңтар қасіреті» кезінде уақытша жабылған екі бекет жұмысы қалпына келтірілді

Жүк тасымалы
21.01.2022, 11:15
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Батыс филиалының басшысы Бөріхан Беркімбаев төтенше жағдай кезінде уақытпен санаспай жұмыс істеген теміржолшыларға алғыс айтты. Сонымен қатар, басшы тәртіпсіздіктер кезінде жабылған екі бекеттің жұмысы қалыпқа келгенін хабарлады.

Бөріхан Сматуллаұлының айтуынша, аймақта төтенше жағдай кезінде «Пойыздар қозғалысын ұйымдастыру орталығында» пойыздардың тоқтаусыз қозғалысын ұйымдастыруға құрылған штаб жұмыс атқарған. Вокзалдар күшейтілген тәртіпте жұмысқа көшіп, билет кассаларының жұмысы қадағаланған.

Батыс Қазақстанның едәуір бөлігінде жергілікті халықтың шоғырлануына байланысты екі бекет уақытша жабылды: Жем станциясы – 21 сағат 10 минутқа, Әйтеке би станциясы – 14 сағат 57 минутқа.

Елде бірнеше күн қатарынан болған тәртіпсіздіктер салдарынан барлығы 691 адамды құрайтын 5 жолаушылар пойызы: Нұр-Сұлтан-Атырау, Алматы-Атырау, Ақтөбе-Атырау, Ақтөбе-Алматы, Ақтөбе-Маңғыстау бағытындағы жолаушылар пойыздарының қозғалысы шектеліп, тұрып қалды.

«Теміржолшылар сын сағатта аяқтарынан тік тұрып қызмет атқарды. Әріптестерімізге адал қызметі үшін алғыс білдіремін. Темір жол саласының барлық бөлімшелерінің басшылары әкімдіктермен және облыстық бөлімшенің штабымен бірлесе отырып, келіссөздер арқылы Қандыағаш станциясында іркіліп қалған пойыздар қозғалысын дер кезінде ашуға, сондай-ақ Жем, Әйтекеби арқылы жолаушылар пойыздарын өткізуге қол жеткізді. Осы жерде атап өту керек, теміржол көлігінің барлық инфрақұрылымы, оның ішінде жол табанына еш зақым келген жоқ. Қазіргі таңда белгіленген кесте бойынша жолаушылар пойыздарының қозғалысы толығымен қалпына келтіріліп, 129 жүк пойызы діттеген жеріне жөнелтілді. Жалпы облыстағы жағдай тұрақты», – деді Батыс филиалының басшысы.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар мен теміржолшылар арасынан шыққан еріктілердің бірлескен күш-жігерінің арқасында жолаушылар пойызының тұрақтарында ыстық тамақ ұйымдастырылып, пойыздар ауыз сумен, қатты және дизель отынмен жедел қамтамасыз етілгені де атап өтілді.

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды