Маңғыстау станциясы алғашқы тоқсанда жоспарды асыра орындады

Жүк тасымалы
26.04.2022, 11:01
Оқуға 1 мин
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жыл басынан бергі үш айда Маңғыстау станциясының қабылдау көрсеткіштері жоғарылаған. Станцияға жүк теңіз жолымен Құрық және Ақтау порттарынан келсе, Болашақ арқылы Түркіменстаннан және басқа станциялардан жеткен жүк қабылданып, жөнелтіледі.

Бүгінгі таңда теңіз бен теміржол түйіскен дәліз рөлін атқарып отырған түбектегі станцияда жұмыс қызып тұр. Бірінші тоқсанда станцияға келген пойыздар саны артқан. Тек наурыз айындағы вагон айналымы 27 960, жалпы үш айда 73 466 вагонды құраған.

Тоннаға шаққанда наурызда Маңғыстау станциясы арқылы 99 875 тонна, ал үш айда 220 165 тонна жүк өтті деген сөз. Өткен жылмен салыстырғанда былтырғы үшінші айдағы 698,7 орташа тәуліктік вагон айналымы биыл 901,93 вагонға дейін көтерілген. Жылдың алғашқы үш айындағы орташа көрсеткіш болса 2427,03 тоннадан 2446,27 тоннаға өскен.

– Қазір құрлық жолымен де, су жолымен де түрлі мемлекеттен келетін жүк көбейген. Станцияның өткізу көрсеткіштері күннен күнге жоғарылауда. Биылғы наурыз айына пойыздарды қабылдау жоспары тәулігіне 15 пойыз болатын. Біз іс жүзінде 16,25 пойызға қызмет көрсеттік. Бірінші тоқсанда жоспардың орындалуы 13,33-тен 15,35 пойызға жетті. Бұл тек қабылдауға қатысты. Жөнелтуге келсек, өткен айда күніне жоспардағы 15 пойыз емес, 17,19 пойыз жіберілді. Соңғы үш айда бұл меже 115,4 пайызға орындалды, – деп ақпар берді Маңғыстау станциясы бастығының міндетін атқарушы Бақыбай Исатаев.

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды