Шығыста көмір мәселесі тамызға дейін шешімін таппақ

Жүк тасымалы
17.05.2022, 09:03
Оқуға 2 мин
©Rail-news.kz
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Көмір тасымалы – елдегі ең маңызды әлеуметтік жүк. Жыл он екі ай күн тәртібінен түспейтін мәселеге байланысты шығыстағы теміржол басшылығы соны шешім қабылдап отыр.

Семей ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары биылғы көмір тасымалына ерте кірісіп, жылдағы үрдіске қарағанда анағұрлым қарқын алдырмақ. Сөйтіп, облыстағы барлық әлеуметтік нысандарда 1 тамызға дейін көмірдің жүз пайыздық қоры болуы тиіс. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов жылыту маусымына дайындық мәселесі бойынша қала және аудан әкімдерімен, басқарма басшыларымен өткізген кеңесте айтты.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Семей ЖТ бөлімшесі» филиалы басшылығымен бірлесіп пысықталмақ. Яғни, аймақтағы барлық жылу беру ошақтарын, көмір тұйықтарын жылдағыдан әлдеқайда ерте әрі 100 пайыз көлемде көмірмен қамту мақсатында ұлттық тасымалдаушы компанияға ертерек тапсырыс беріліп, жеткізілу, таратылу барысы қадағалауға алынбақ.

Жергілікті атқарушы билік өкілдері теміржолшылармен бірлесіп, көмірді жеткізу, жөнелту және тарату мерзімдері мен отын мөлшері ескерілетін нақты кесте жасалатын болады. Мұнымен қатар, облыстағы көмір сату нүктелерінің, көмір тұйықтарының жұмысын тексеру және осы тізбектен алыпсатарларды, әсіресе шалғай аудандарға қатысты делдалдарды анықтау, шара қолдану бойынша жұмыс жүргізілмек.

Бүгінде Семей ЖТ бөлімшесінің логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері қауырт қызметке кірісті. Бұл бағыттағы жоспарлы шаралар мен техникалық поцесс барысы тораптық жиындар барысында жан-жақты талқыланбақ. Қазіргі күннің өзінде көмір тасымалына жауапты бірінші класты Дегелең және Жаңа-Семей жүк станцияларындағы межелі жұмыстар пысықталып жатыр.

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды