Шығыста көмір тасымалы басталып кетті

Жүк тасымалы
08.06.2022, 09:36
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша биыл жазғы көмір тасымалы жылдағыдан ертерек басталды. Қазірдің өзінде аймақтағы барлық көмір қоймаларында жалпы саны бес мың тоннадан астам қатты отынның қоры бар. Дегенмен осы айда көмір тиеу мен жеткізу ісі ширатыла түспек.

Бүгінгі таңда облыстық әкімдік «ҚТЖ» «ҰК» АҚ-ның Семей ЖТ бөлімшесі филиалымен бірлесіп, көмір жеткізу кестесін келісіп жатыр.  

– Күзгі қарбаластың алдын алу үшін аймақтағы барлық әлеуметтік нысандар, атап айтсақ білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және тағы басқалар, сондай-ақ шағын қазандықтар көмір жеткізу бойынша қазірден бастап тапсырыстар беруде. Себебі, осы мақсаттарға бюджеттік қаржыландыру көзделген. Бұл бізге зор жауапкершілік жүктеп, жазғы көмір тасымалын ширату- ды міндеттейді, – дейді жетекші инженер Айтолқын Мұхамедиярова.  

Семей ЖТ бөлімшесінің логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімі мамандарының айтуынша, қазіргі уақытта аймақ бойынша көмірді теміржол арқылы жеткізу автомобильге қарағанда әлдеқайда арзанға түсіп отыр. Бұл қатты отынның өзіндік құнын төмендетеді және алыпсатарлықтың алдын алады әрі ең маңыздысы – баға тұрақтылығын қалыпты деңгейде ұстайды. Осы себептен де атқарушы биліктің ықпалымен қатты отынды жылдағыдан ертерек жеткізу ша- ралары жоспарланып, тапсырыс берушілер саны күрт артқан. Қазіргі күні қысқы көмірмен қамту бойынша тек жылу беру орталықтары ғана емес, ірі кәсіпорындар мен еңбек ұжымдарымен облыстық әкімдік және көмір жеткізушілер арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр. Алдағы уақыттарда іргелі мекемелер өз қызметкерлеріне көмірді «жалақыға», яғни одан әрі бөліп-бөліп сатып алуға мүмкіндік бермек. Бұл жаңашыл шара да қоймаға түсетін көмірдің жылдам таратылып кетуіне жол ашатындықтан көмір жеткізу жұмысы кедергісіз жүргізілуі керектігін міндеттей түседі. 

Тағы бір мәселе, осыған дейін хабарлағанымыздай, алдағы тамызға қарай барлық әлеуметтік нысандар көмірмен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Осы орайда, Семей ЖТ бөлімшесіне түсетін жүктеме арта түсуде. Атап айтар болсақ, «Қаражыра» көмір кенішінде, Дегелең станциясында ашық вагондардың бос тұрып қалуына жол бермей, тиеу мерзімдерін сақтау шараларына басымдық берілуде. Қазіргі таңда Семей ЖТ бөлімшесі бойынша аталмыш бағытта кешенді жұмыстар жүргізу ісі басталып кетті. Бұл ретте жергілікті теміржолшылар үшін кестеден ауытқу жоқ және әзірге тосын кедергілер туындамаған. Қазіргі күннің өзінде вагон жетіспеушілігін шешу мақсатында алдын ала кешенді іс-шаралар қабылданған. Сол себептен де, Дегелең станциясы мен Жаңа-Семей жүк станциясында жұмыс қауырт. Дегенмен, ахуалдың қаншалықты күрделі екендігі келергі айда анық байқалатын болады. 

Бөлімшенің логистика және жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімі мамандарының есебінше аймақтағы көмірдің қажеттілігі бір жылу маусымына 3 900 000 тоннаны құрайды. Ал бүгінгі күндері Дегелең станциясындағы тоқтаусыз техникалық процесс қажеттілікті толықтай қамтуға жол аша түспек. Осы ретте, Жаңа-Семей, Семей және Өскемен-1, Аягөз станцияларына қарасты әрбір теміржол тұйығының тәулігіне 17-19 вагон көмір түсіруге мүмкіндігі бар екенін, ал бұл әлеуметтік көмірді есептемегенде, қатты отынға қойылған кезекті аз уақытта еңсеруге болатынын айқындай түседі.

Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес
Аймақтар
10.08.2026
Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылд
Жаңалықтар
10.08.2026
ҚТЖ жүк тасымалында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруды талқылады