Транзит: контейнерлік пойыз өтті

Жүк тасымалы
09.08.2022, 11:03
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстаулық теміржолшылар үшін биылғы кәсіби мереке ерекше оқиғамен есте қалатын болды. Түбек темір жолының Болашақ станциясы арқылы алғаш рет Үндістаннан шыққан транзиттік контейнерлік пойыз өтті.

Үндістан-Иран-Түркіменстан-Қазақстан-Ресей бағытымен жылжыған аталған контейнерлік пойыз Қазақстан темір жолына 6 тамыз күні қабылданып, Болашақтан әрі қарай жөнелтілді.

Төл мерекеде осындай маршруттың «тұсауын кескен» болашақтық теміржолшылар транзиттік пойызды барлық техникалық талапқа сай күтіп алып, қажетті сервистік қызметті көрсетіп, жолға салды.

– Үндістан-Иран-Түркіменстан-Қазақстан-Ресей бағытында өткен контейнерлік пойызда әртүрлі жүктер тиелген 43 контейнер болды. Пойыздың салмағы 1626 тонна, ұзындығы 57 метр, ал тиелген жүктердің жалпы салмағы 865 тонна. Үндістаннан Иранға Парсы шығанағы арқылы су жолымен келген жүк Серахс станциясынан Түркіменстанға, одан бізге жеткен. Шекаралық Болашақ станциясына 6 тамыз күні күндізгі сағат 12.33-те келді. Станцияда құрамның құжаты толық қаралып, өңделіп, вагондарға техникалық қызмет көрсетілді. Кеден, СЭС, ветеринарлық, т.б. қажетті тексерістерден өткізілген соң Ресейдің Колужская облысына жол тартты, – дейді бұл жөнінде ақпарат берген Болашақ станциясының бастығы Мақсат Нұрбеков.

Еліміз арқылы Үндістаннан Ресейге тасымалданған бұл контейнерлік жүктің құрамында азық-түлік өнімдерінен кептірілген пияз, куркума ұнтағы және басқа да түрлі заттар, атап айтқанда, керамикалық талшықтан жасалған бұрыштық модуль, ширатылған талшықтар, кастор майы, мырыш кальцийі, тот баспайтын болаттан жасалған сым, компоненттер мен техника бөлшектері, сусыз ланолин, полипропилен пленкасы, медицинаға арналған шикізаттар бар екен. Жаңа бағдармен тұңғыш рет жүріп өткен контейнерлік пойыздың жалғасы бола ма, жоқ па, белгісіз. Ал алғашқы құрам еш кедергісіз аттанды.

Қауіпсіздік
13.03.2026
Шымкентте теміржол бойындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
13.03.2026
Теміржолшылар таңдау жасайды
Жаңалықтар
13.03.2026
Теміржолшылар қан тапсырды
Аймақтар
13.03.2026
Ғибратты ғұмыр иесі
Жаңалықтар / Мұрағат
13.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №19 13 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
12.03.2026
Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаңа техника табысталды
Жаңалықтар
12.03.2026
Жолаушылар үшін жаңа бағыттар ашылып, вагондар паркі жаңартылып жатыр – Тоқаев
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ төтенше ауа райы жағдайында пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуде
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ тас жолдардың жабылуына байланысты 390 жолаушыны пойызбен жеткізді
Әлемде
12.03.2026
Дрондар теміржол жұмысын өзгертуде
Әлемде
11.03.2026
Әлемдегі ең жүйрік CR450 пойызы 453 км/сағ жылдамдықты еңсерді
Аймақтар
11.03.2026
Жамбылда теміржолшы арулар марапатталды
Жаңалықтар
11.03.2026
Елімізде теміржол вокзалдарын модернизациялау жұмыстары жалғасуда
ҚТЖ келбеті
11.03.2026
Атыраулық теміржолшы «Құрмет» орденімен марапатталды
Аймақтар
11.03.2026
Жамбыл филиалының еңбекқор арулары
Жаңалықтар
11.03.2026
Теміржол алпауыттары Сочиде бас қосты
Аймақтар
11.03.2026
Қызылордалық теміржолшылар нәзік жандарға құрмет көрсетті
Инфрақұрылым
11.03.2026
Қызылжар – Сексеуіл учаскесін жаңғырту қарқыны кестеден озып тұр
Жаңалықтар
11.03.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту талқыланды
Жаңалықтар
10.03.2026
ҚТЖ: су тасқынына дайындық ерекше бақылауда