Контейнерлік транзитте өсім бар

Жүк тасымалы
16.08.2022, 09:32
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» Батыс филиалында контейнерлік пойыздар жүрісі жіті қадағаланады. Соңғы жеті айда Ақтөбе теміржолы арқылы 1514 контейнерлік пойыз өткен. Ал Оралдан 456 контейнерлік пойыз жөнелтілген.

Жалпы, Батыс аймақта контейнерлік пойыздар транзиті бойынша өткен 7 айдың ішінде қол жеткен жетістіктер жоқ емес. Тоғыз жолдың торабында тұрған Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесі көршілес елдер арасындағы жүк дәлізі мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып отыр. Ақтөбе бөлімшесінде контейнерлік пойыздардың маршрут жылдамдығы тәулігіне 1048 шақырымды құрады. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 11% жақсарды деген сөз.  

«Ауыр салмақты пойыздарды құрастырып жолға шығару, жылжымалы құрамды кідіріссіз жөнелту бойынша қолға алынған тәсілдер оң нәтиже берді», – дейді техникалық бөлімнің жетекші инженері Әлия Абдулина.  

Батыс аймақтық жүк тасымалына қарасты техникалық бөлім мамандарының айтуынша, ұзын контейнерлік пойыздар маршрут жылдамдығына кедергі келтіреді. Батыс аумағынан өткен мұндай пойыздар саны 766- ға жетеді. Оның 208-і қос пойыз. 2021 жылы өңірден 869 ұзынқұрамды пойыздар өтсе, 2022 жылдың жеті айдағы көрсеткіші бойынша 766 пойызды құрап отыр.  

«Қытай-Еуропа-Қытай» бағытындағы контейнерлік пойыздардың бағдарлық жылдамдығын арттыру жұмыстары оң нәтиже беруде. Контейнерлік пойыздардың жол үстінде аялдауы, локомотив бригадаларының алмасуы, локомотивтерді ауыстыру және техникалық бақылау жүргізу уақыттары қысқартылған. Және олардың аймақтан көп кідірмей өтуіне қатысты барлық шаралар қарастырылған.  

Сонымен қатар, контейнерлік пойыздардың жылдамдығын арттыруға негізделген жұмыстарға да басымдық берілуде.  

 

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды