Сенаторлар Құрық портындағы кемелерге қызмет көрсету базасының жұмысына оң баға берді

Жүк тасымалы
18.08.2022, 12:24
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

  ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Серікбай Трұмов пен Бақтыбай Шелпеков Құрық портына барып, ондағы жұмыс барысымен танысты. Халық қа лаулылары алдымен аудан әкімді гінде өткен жиынға қатысып, «Құрық – Жетібай» бағытында салынып жатқан республикалық маңызы бар жолдың құрылысын талқылады.  

«Құрық порты» ЖШС-нің басшысы Серік Ахметов қадірлі қонақтарды қарсы алып, порт айлағы мен оның аумағында салынып жатқан астық терми налының, кемелерге қызмет көрсету базасының жұмысымен таныстырды, сондай-ақ, алдағы күтілетін нәтижелер туралы айтып берді. Өз кезегінде сенаторлар порт жұмысына оң баға беріп, жұмыстарды сапалы жүргізу және уақытылы аяқтауға қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді.  

Еске сала кетсек, былтыр «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Құрық порты» ЖШС және «Kaspi Grain Way» ЖШС арасында Құрық портында терминал салу  бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған. Бұл – Құрық портын дамыту аясындағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүзеге асырып жатқан жаңа жоба. 2022 жылы бір мезгілде 25 000 тонна дәнді дақылдарды сақтайтын, қуаты жылына 1 млн тонналық терми налды іске қосу жоспарлануда. Терминал Қазақстан – Иран/ Кавказ елдері бағыты бойынша және одан әрі үшінші елдерге астық экспортының болжамды көлемін ұлғайтуды қамтамасыз етеді. Қол қойылған келісім көлік маршрутының бәсекеге қабілет тілігін көтеруге, жүк ағындарын ұлғайтуға, экспорттық әлеуетті арттыруға және Құрық порты арқылы жүк тасымалдау процесін жетілдіруге ықпал етеді.

Құрық порты Транскаспий халықаралық көлік бағдары негізгі нысандарының бірі болып табылады. Порт арқылы Баку, Махачкала, Амирабад, Анзали сияқты серіктес порттармен тығыз байланыс орнатылған. Бұл қазақстандық жүк жөнел тушілер мен тасымалдаушыларды қолдауда аса маңызды. Порт автомобильдер мен теміржол паромдарын жыл бойы қабылдай алады, бір мезгілде 4 паромға қызмет көрсетеді. Теміржол айлағының өткізу қабілеті жылы на 4,1 млн тоннаны құрайды. Паромдарға 54 вагон сыяды. Құрық порты арқылы мұнай және химиялық өнімдер, металл, халық тұтынатын тауарлар, т.б. ауыстырып тиеледі.

Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды