Құрық порты арқылы өтетін жүктер көлемі артты

Жүк тасымалы
19.08.2022, 10:11
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

    Биылғы жеті айда түбек теміржолының жүк айналымы былтырғыдан екі есеге дейін көбейді. Соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдарымен Құрық порты арқылы өткен жүктер мен тиеу көрсеткіштері әжептәуір өскен. Нәтижесінде жүк айналымының жоспары 116,8 пайызға немесе миллион тоннаға артығымен орындалды.

 Тарқатып айтсақ, жыл басынан тамызға дейінгі жүк айналымы 4 млн 229 мың тоннаға жетті. Ал жоспар 3 млн 761 мың тонна болатын. Тиелген жүктердің салмағы да басым. Ол өткен жылғы салыстырмалы кезеңнен 107,7 пайызға артқан. Оған себеп жергілікті жерден тиелетін жүк көлемі көбейген. Мәселен, бір ғана Шетпе станциясынан айына 40 мың тонна қиыршық тас жүктеледі. Бұл жергілікті құрылыс материалы қазір Атыраудағы жол құрылысына тасы малдануда. Бейнеуден шығатын ұлутастың да тасымалы қызып тұр. Еліміздің түкпір-түкпірін дегі құрылыс үшін станциядан күніне 60-70 ашық вагон тас тиеліп жөнелтіледі. «КазАзоттың» селитрасы да тәулігіне 20-30 вагоннан, айына 30 мың тонна жөнелтілуде. «Каспий битум» зауытының өнімі отандық  нарықта құлашын кең сермеген сайын теміржол тасымалына сұраныс та арта түсуде. Қазірдің өзінде күн сайын 40-50 цистерна битум тиеледі.  

Жөнелтілген жүктерге қалай қызмет көрсетілсе, түбекке жеткізіліп жатқан жүктер де солай қабылдануда. Жүк түсіру жоспарын орындау көрсеткіші 118,9 пайызды құраған.  

– Қазір бізде контейнерлік тасымал қарқыны жоғары. Бұл бағытқа сұраныс соңғы кезде бірден өсті. Алтынкөл, Достық бағытынан Ақтау портына келіп, одан әрі су жолымен Алят арқылы Еуропаға шығуда. Өткен жылы жеті айда 41 кемемен 9179 кон тейнер кеткен еді. Биыл 83 кеме жібердік. Онымен 13 413 контейнер жөнелтілді. Бұл тек ТХКБ көлік бағдары бойынша. Одан басқа фидерлік кемемен тағы 15 мың контейнер шетел асты. ТХКБ ғана емес, жүк ва гонымен кемеге тиеліп кетіп жатқан Құрық порты бағытының да көрсеткішінде өсім бар. Өткен жылдың жеті айында 185   пароммен 260 мың тонна жүк өтсе, биыл 343 кемемен 1 млн 110 мың тонна жүк жібердік.

Ал бидай тасымалына келсек, бидайды сыртқа шығаруға санкция болғанға дейін Солтүстік теңіз терминалы және Ақбидайдан ауыстырып тиеу көрсеткіші жоғары болатын. Дегенмен қазір бізде басқа бағыттар жандану да. Өңірде екі порттың болуы – өзге аймақтарға қарағанда біздің артықшылығымыз. Соның нәтижесінде жұмыс көбейіп, қысқарып кету қаупі бар кейбір қызметкерлер өз жүктемесіне сай еңбек етуде, – дейді Маңғыстау қосалқы бөлімінің басшысы Нәжімеден Ғұбашов.  

Маңғыстау теміржолында жүк тасымалының жоғары деңгейге жетуі компания бюджетіне қомақты қаражат құйып қана қоймай, жұмыс көлемінің артуы логистика бөлімін Ақтөбеге көшіру мәселесін уақытша болса да шешкен...  

 

Жүк тасымалы
13.03.2026
Қостанайдан Нью-Йоркке дейін...
Жүк тасымалы
13.03.2026
Жаһандық желінің маңызды буыны
Инфрақұрылым
13.03.2026
Назарда тұрған нысандар
Жүк тасымалы
13.03.2026
Семейдегі жүк тасымалы мен логистиканы дамыту шаралары
Қауіпсіздік
13.03.2026
Шымкентте теміржол бойындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
13.03.2026
Теміржолшылар таңдау жасайды
Жаңалықтар
13.03.2026
Теміржолшылар қан тапсырды
Аймақтар
13.03.2026
Ғибратты ғұмыр иесі
Жаңалықтар / Мұрағат
13.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №19 13 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
12.03.2026
Көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жаңа техника табысталды
Жаңалықтар
12.03.2026
Жолаушылар үшін жаңа бағыттар ашылып, вагондар паркі жаңартылып жатыр – Тоқаев
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ төтенше ауа райы жағдайында пойыздардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуде
Жолаушылар тасымалы
12.03.2026
ҚТЖ тас жолдардың жабылуына байланысты 390 жолаушыны пойызбен жеткізді
Әлемде
12.03.2026
Дрондар теміржол жұмысын өзгертуде
Әлемде
11.03.2026
Әлемдегі ең жүйрік CR450 пойызы 453 км/сағ жылдамдықты еңсерді
Аймақтар
11.03.2026
Жамбылда теміржолшы арулар марапатталды
Жаңалықтар
11.03.2026
Елімізде теміржол вокзалдарын модернизациялау жұмыстары жалғасуда
ҚТЖ келбеті
11.03.2026
Атыраулық теміржолшы «Құрмет» орденімен марапатталды
Аймақтар
11.03.2026
Жамбыл филиалының еңбекқор арулары
Жаңалықтар
11.03.2026
Теміржол алпауыттары Сочиде бас қосты