«Каспий бестігінің» басты бағыты

Жүк тасымалы
11.10.2022, 09:09
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ақтау порты «Солтүстік-Оңтүстік» және «Шығыс-Батыс» көлік дәліздерінің негізгі элементіне айналуға қабілетті. Бұл туралы Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов Мәскеуде өткен II Каспий экономикалық форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Үкімет басшысы Каспий өзінің географиялық орналасуына және бірегей транзиттік әлеуетіне байланысты халықаралық сауданы дамытуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Ол күш-жігерді бірлесіп қолданудың маңызды бағыттарының бірі көлік инфрақұрылымын дамыту және халықаралық сауданы кеңейту екенін айтты. 

– Қазақстан Солтүстік-Оңтүстік және Шығыс-Батыс көлік дәліздерінің әлеуетін арттыратын трансшекаралық хабтарды қалыптастыру бойынша ауқымды жоспарлар белгіледі. Бұл: Ақтау және Құрық теңіз порттары, Қорғас «құрғақ порты», «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы және басқалар. Аталған хабтар Каспий елдерімен және одан әрі халықаралық нарықтармен сауда ағындарының кеңеюіне ықпал етеді, – деді Әлихан Смайылов. 

Премьер-министр сондай-ақ Мемлекет басшысының Ақтау портындағы ірі көлік-логистикалық орталыққа айналуы мүмкін Каспий маңы азық-түлік хабын құру туралы бастамасына да тоқталды. Бұл ретте ол өңіраралық сауданың әлеуетін толық ашу үшін өңірдің көлік байланысын жақсарту қажет екенін атап өтті. Мәселен, транзиттік және экспорттық жүктердің маңызды бағыттарының бірі – «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізі. 

– Бұл – Парсы шығанағы елдеріне баратын ең қысқа жол. Сонымен қатар, Үндістаннан біздің бағытқа әлеуетті жүктер бар. Ақтау порты «Үндістан – Парсы шығанағы елдері – Иран – Қазақстан – Ресей» бағытында торапқа айналуы мүмкін», – деді Ә.Смайылов. Сондай-ақ, ол Еуропа, Орталық Азия және Қытай арасындағы жүк ағындарын кеңейту үшін Транскаспий халықаралық көлік маршрутындағы «тар» жерлерді дамыту және синхронды түрде жою қажеттігін мәлімдеді. 

– Қазақстан өңірдің транзиттік әлеуетін нығайту бойынша бірлескен іс-қимылдарға кірісуге дайын. Біз әріптестермен бұл жұмысты қазірден бастаймыз, тиісті жол картасын әзірлеп, транзиттік маршруттарымыздың әлеуетін кеңейтуге кірісеміз деп келістік, – деді Үкімет басшысы.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті