Көмір тасымалы бақылауда

Жүк тасымалы
11.10.2022, 10:20
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жылу беру маусымы басталғалы көмірге сұраныс арта түсіп, тасымалдау қарқын ала бастады. Ал оны діттеген жеріне шашау шығармай жеткізу мен тарату бөлек әңгіме.

Жуырда Маңғыстаудағы әскерилендірілген теміржол күзеті мен желілік полиция өкілдері бірлескен іс-шара өткізді. Онда Маңғыстауға келіп жатқан көмір тасымалын бақылап, ұрлық-қарлықтың алдын алу сөз болды. Сай-Өтес станциясында өткен шара барысында бекет үстімен өтіп жатқан «қыстың қымбатты жүгі» тиелген вагондар тексеріліп, оларды тарату логистикасы пысықталды.  

– 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымының басталуына орай және көмір жүгіне қылмыстық қолсұғушылық әрекеттерінің алдын алуға байланысты осындай профилактикалық жұмыстарды қолға алудамыз. Мақсатымыз – көмір тасымалын назарда ұстап, теміржолға жақын елдімекен тұрғындары мен теміржолшыларға арнайы түсінік жүргізіп, ұрлық-қарлықтың жолын кесу. Маңғыстауда көмір ұрлығы соңғы 4-5 жылдықта мүлде тіркелген емес. Бұрындары қара отын тиелген вагондар тоқтап тұрған кезде Сай-Өтес, Шетпе станцияларында кешкі уақыттарда ұрлайтындар кездесетін. Енді елдімекендердің барлығы газбен қамтылған, оған қажеттілік жоқ. Әрине, көмір тұтыну көлемі азайғанмен, баршылық. Теміржолға, деполарға көмір келіп, қыстың қамы жасалуда. Сол үшін Сай-Өтес станциясынан басталған шараны өзге станцияларда да жалғастырамыз, – дейді Әскерилендірілген теміржол күзетінің Шұғыл әрекет ететін оңтайлы топ бастығының Маңғыстау станциясындағы орынбасары Мәди Үндемесов.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл